Bloomberg басшысы, оның әйелі мен қызы өлі табылды

Bloomberg басшысы Ричард Самарел мен оның әйелі Лина Мария Самарел және тоғыз жастағы қызы Саманта Самарел өлі табылды

Сұлу Бөлек

  • 01.04.2025

Bloomberg басшысы Ричард Самарел мен оның әйелі Лина Мария Самарел және тоғыз жастағы қызы Саманта Самарел өлі табылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

New York Post мәліметінше, олардың денесін полиция қызметкерлері көршісінің қоңырауынан кейін Оңтүстік Каролинадағы үйінен тапқан. Ричард Самарел 54 жаста, ал оның жұбайы 45 жаста болған еді. Басылым қазір құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатқанын айтты. 

NYP басылымының болжамынша, бұл уақытта марқұмдардың тағы бір қызы мен ұлы мектепте болған. Олардың фотосуреттері Лина Самарелдің әлеуметтік желілердегі парақшаларында бар.

Ричард Самарел Bloomberg LP-да активтерді басқарумен айналысқан. Ал әйелі Лина – Колумбиядан келген иммигрант, ол АҚШ-тың ардагерлер ісі жөніндегі министрлігінде жұмыс істеген. 

Фото: thevoicemag.ru

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

13.05.2025

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды

06.05.2025

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

06.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Алматыда полицей балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді