Квадроцикл аударылып, 4 жасар бала көз жұмды
Аурухана жеткізілгенімен, дәрігерлер бала өміріне араша түсе алмады
Солтүстік Қазақстан облысында ер адам ауласында квадроциклін аударып алып, салдарынан қасында отырған 4 жасар бала қаза тапты.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 қыркүйек күні сағат 10.30 шамасында болған. Аққайың ауданының 56 жастағы тұрғыны өз үйінің ауласында квадроциклді басқара алмай, аударылып қалған. Салдарынан жолаушы - 4 жасар бала ауыр жарақат алды. Бірден орталық аудандық аурухана жеткізілгенімен, дәрігерлер бала өміріне араша түсе алмады. Квадроциклдің жүргізушісі де ауруханаға жеткізілді.
«ҚР Қылмыстық кодексінің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды Қазір істің мән-жайы тергеліп жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.
Бұған дейін СҚО-да 11 жасар қызға анасы ашу үстінде пышақ сұғып алғанын жазған едік. Жасөспірім қазір облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр.
Фото: Pexels