Некесін қиған күні өлтіріп кеткен. Көкшетауда қайғылы оқиға болды

Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Malim Админ

  • 13.11.2024

Көкшетауда көңіл көтеру орындарының бірінде 22 жастағы жігіт өлі табылды. Қайғылы оқиға туралы sinegor.kz басылымына марқұмның туыстары айтып берген. 


Туыстарының сөзінше, жан түршіктірер оқиға 22 жастағы жігіттің неке қию рәсімі өткен күні болған. Бұл жайтқа қатысты Ақмола облысының полиция департаменті пікір білдірді.

"12 қарашада Көкшетаудағы көңіл көтеру орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіріп кеткен. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сонымен қатар бұл оқиғаға қатысы бар барлық адам ұсталды. Алты адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді полиция департаментінің өкілдері.

Ведомство бұл дерек ПД басшысының тікелей бақылауында екенін атап өтті.

Фото: Gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Алаяқ полицейлер ұсталды

18.11.2024

«Қаржаубай өтірік айтты, мылтықты Нұрқанат алып шығып, атты». Шерзат ісіндегі қарсы тарап өз шындығын айтты

16.11.2024

Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

16.11.2024

Қаңтар оқиғасында ұсталған адамды азаптаған полицей сотталды

13.11.2024

Әйелі Карина Мамашты ұрды деп айыпталған экс-дипломаттың ісі қай сатыда? Прокуратура жауабы

12.11.2024

Алматыда полицейді пышақтаған адам ұсталды

12.11.2024
MalimBlocks
Алаяқ полицейлер ұсталды

«Қамқорлығы» үшін ай сайын 1,5 млн теңге алып отырған

«Қаржаубай өтірік айтты, мылтықты Нұрқанат алып шығып, атты». Шерзат ісіндегі қарсы тарап өз шындығын айтты

Олар Шерзаттың әкесі мен ағасын қаматуды сұрайды

Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

Оған қатысты тергеу жүріп жатыр

Қаңтар оқиғасында ұсталған адамды азаптаған полицей сотталды

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді

Әйелі Карина Мамашты ұрды деп айыпталған экс-дипломаттың ісі қай сатыда? Прокуратура жауабы

Түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады

Алматыда полицейді пышақтаған адам ұсталды

Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады