freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көкшетауда интим қызмет көрсететін притондар әшкереленді

Қоғам
Көкшетауда интим қызмет көрсететін притондар әшкереленді
Фото: видеодан кадр

Ақмола облысында полиция интимдік қызмет көрсетілген притондарды ұйымдастыру және жеңгетайлық фактілерін анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, притондарды ұйымдастыру және ұстау, сондай-ақ жеңгетайлық жасау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іс-шаралар барысында облыс орталығының екі тұрғыны ұсталды.

Тінту кезінде 1 млн 857 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша, ұялы телефондар және тергеу үшін маңызды өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Сонымен қатар полицейлер интимдік қызмет көрсеткен азаматтарды да анықтады. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу