Қарағанды қаласында 45 жастағы ер адамнан 165 келіден астам есірткі тәркіленді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Полицейлер күдіктіні жеке тінту кезінде есірткі заттарын, электронды таразыны, қаптама материалдарын және өзге де айғақты заттарды тәркілеген.
Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің тағы бір жасырын қоймасы анықталып, одан тыйым салынған заттар табылды. Жалпы заңсыз айналымнан шамамен 15 келі гашиш пен 150 келіден астам марихуана тәркіленген.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта полицейлер қылмыстың мән-жайын, сондай-ақ есірткіні жеткізу және өткізу арналарының болуы мүмкін бағыттарын анықтап жатыр.