Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды

Malim Админ

  • 14.02.2025

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Malim.kz.  

Ол бұл қызметке 2022 жылы тағайындалған болатын.  

Нұрлан Ұранхаев 1965 жылы 4 мамырда Семей қаласында дүниеге келген.

1987 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик, 2001 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономист-менеджер, 2006 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1987 жылы слесарь-монтажшы болып бастады. Бұдан кейінгі жылдарда ол Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде мастер, прораб болып істеді.

Әр жылдары Семей қаласындағы «Сары-Арқа» АӨК басшысы, «Казиркутсклес» АОЗТ бас директоры, Шығыс Қазақстан облысы энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік барқармасының басшысы, Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Астана қаласының ТЖМ мемлекеттік материалдық резерві комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, «Ертіс» ӘКК басқарма басшысының орынбасары, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Семей қаласы гуманитарлық заң университеті президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗЖИ» АҚ бас директоры, Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Ал, Абай облысының әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болды.

Фото: None

 

Байланысты жаналықтар

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметтен кетті

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025

Ақтөбе облысында тұрғындар анықтама үшін артық ақша төлеген

07.04.2025

Абай облысындағы «Семей орманы» қайта өртенді

04.04.2025

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қызметінен түпкілікті шеттетілді

04.04.2025
MalimBlocks
Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметтен кетті

Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметтен кетті, оның Біріккен күрес әлемі бюросындағы қызметі аяқталды

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

Ақтөбе облысында тұрғындар анықтама үшін артық ақша төлеген

Бас прокуратура медициналық мекемелерде қызмет бағасының негізсіз өскенін айтты

Абай облысындағы «Семей орманы» қайта өртенді

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қызметінен түпкілікті шеттетілді

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізуге тырысқаннан кейін төрт ай өткен соң Конституциялық сот оның импичментін қолдап, мемлекет басшысын қызметінен түпкілікті шеттетті