Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

Сұлу Бөлек

  • 12.05.2025

Қайғылы оқиға 10 мамырда күндіз Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Көксу өзенінде болды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Ер адам тартылған темір арқанмен өзеннен өтпек болған сәтінде суға құлап, ағынмен ағып кеткен. Оның денесі әлі табылған жоқ.

"Расталмаған ақпарат бойынша, суға батып кеткен адам — Отардан келген әскери қызметкер болуы мүмкін. Ресми мәлімдеме әлі жоқ. Ақпаратты нақты білетін адамдар растаса не теріске шығарса екен", – делінген әлеуметтік желіде тараған видеожазбаның сипаттамасында.

"Н. есімді азаматтың жоғалу дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер, құтқарушылар, басқа да мекеме өкілдері мен қарапайым тұрғындардан құралған топ ауқымды іздестіру шараларын ұйымдастырды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", – деді Жетісу облыстық полициясы.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті жоғалған адамның 1989 жылы туғанын хабарлады. 11 мамырда таңғы сағат 06:30-да ТЖД, орман қорғау қызметі, жергілікті атқарушы органдар, полиция, әскери полиция мен Қорғаныс министрлігі бөлімшелері жұмылдырылған кең ауқымды іздестіру жұмыстары басталды. Барлығы 98 адам мен 22 техника, соның ішінде жүзу құралдары, дрондар және спутниктік байланыс жүйелері тартылған.

"Іздеу жұмыстары Көксу өзенінің екі жағалауында (оң жағында – 4, сол жағында – 4 топ) 35 шақырымдық аумақта жүргізілді. Кешкі 18:30-да қараңғы түскен соң жұмыстар уақытша тоқтатылды. Іздеу 12 мамырда жалғасады", – делінген хабарламада.

Фото: видео кадры

Байланысты жаналықтар

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

08.05.2025

Кептірілген балық жеп, аяқ-қолымнан айырылдым - Бота Бурханова

07.05.2025
MalimBlocks
Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда жер сілкінді

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр

Кептірілген балық жеп, аяқ-қолымнан айырылдым - Бота Бурханова