Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес шығарды

Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес шығарды

Сұлу Бөлек

  • 13.04.2025

Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес шығарды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Әртүрлі деректерге сүйенсек, төбелеске 20-дан 40-қа дейін адам қатысқан. Қақтығысқа бұл жоғары оқу орнында оқып жатқан Тәжікстан азаматтары да қатысқан деген мәлімет бар.

Ұлттық ұлан академиясы редакциямызға төбелес болғанын растады.

"Бұл оқу орнында бірінші курс курсанттары арасында болған жанжалға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиға салдарынан бірнеше курсант жеңіл жарақат алған, негізінен сызат алып, бірнеше жері көгерген", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Зардап шеккендерге қажет медициналық көмек көрсетілген, ауруханаға жатқызу қажет болмаған.

Баспасөз қызметі қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді. Қосымша ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Академия 1997 жылы Қазақстан ІІМ Ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесі ретінде құрылған. 2022 жылы оқу орнына Ұлттық ұлан академиясы мәртебесі берілді. Бұл – еліміздегі әскери кадрларды сегіз мамандық бойынша даярлайтын жалғыз оқу орны.

Академияда Қазақстан азаматтарымен қатар басқа елдердің де өкілдері оқиды. Үкіметаралық келісімдерге сәйкес, 2009 жылдан бастап бұл оқу орнында Тәжікстан өкілдері жыл сайын тегін әскери білім алып жатыр. 

Еске салайық, наурыздың аяғында Ұлттық ұлан академиясының материалдық-техникалық қамтамасыз ету қоймасында өрт шыққан еді. Жоғарылатылған дәрежеде шақырылған өртсөндірушілер 130 шаршы метр аумақтағы жалынды сөндірген. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

02.04.2025

Бетінен ұрып, ернін жарып жіберген». Банкоматта кезекке таласқан екі әйел төбелесті

02.03.2025

Семейдегі оқушылар оқиғасы: мектеп директоры қызметінен босатылды

26.02.2025

Семейде 6-сынып оқушысын қатарластары басынан ұрып, үстіне секірген

25.02.2025

Шымбұлақта ішімдік ішкен шетелдіктер қызметкерге шабуыл жасады

03.02.2025

Қонаевта оқушылар жабылып ұрып қатарластарын жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды

03.02.2025
MalimBlocks
Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

Бетінен ұрып, ернін жарып жіберген». Банкоматта кезекке таласқан екі әйел төбелесті

Семейдегі оқушылар оқиғасы: мектеп директоры қызметінен босатылды

Семейде 6-сынып оқушысын қатарластары басынан ұрып, үстіне секірген

Шымбұлақта ішімдік ішкен шетелдіктер қызметкерге шабуыл жасады

Полиция тәртіп бұзған 5 адамды ұстаған

Қонаевта оқушылар жабылып ұрып қатарластарын жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды

Полиция басқармасында іс тіркеліп, тергеу амалдары жүріп жатыр.