457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Құлсарыдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Жарылыс пен өрт салдарынан 16 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, олардың ішінде 5 адам Жылыой аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр, 6 адам үйіне амбулаториялық емделуге жіберілген, ал 3 пациент облыстық ауруханаға ауыстырылған.

«Қазіргі уақытта 25 пен 75 жас аралығындағы 5 науқасқа медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дененің күйік шалу деңгейі 5-тен 22 пайызға дейін. Барлығының жағдайы тұрақты, өмірлеріне қауіп жоқ», – деді Жылыой аудандық ауруханасының директоры Асұлан Абдрахманов.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс автогазды газ тасымалдағыштан резервуарға құю кезінде болған. Өрт салдарынан екі ғимарат жанып кеткен, жалын 450 шаршы метр аумақты қамтыған.

Еске сала кетейік, 30 мамыр күні Құлсары қаласындағы АЖС-те жарылыс болып, екі адам қаза тапқан болатын.

Фото: видеодан скрин