457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сарыөзекте әскери қызметші өз-өзін атып жіберді

Әскери қызметші қару-жарақ қолдану ережесін сақтамай, соның салдарынан оқ жарақатын алған. Бұл ақпаратты ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Malim.kz.

«2024 жылғы 2 қыркүйекте Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қару-жарақты қолдану ережесін бұзу салдарынан оң қолынан жарақат алды. Әскери қызметші Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жатқызылып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді», – делінген хабарламада. 

Ақпаратта айтылғандай, қазір әскери қызметшінің денсаулық жағдайы бірқалыпты.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – дейді құрлық әскерінен.

Фото: kazpravda.kz