Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

Сұлу Бөлек

  • 14.05.2025

Шерзат Болатты (Полатты) өлтіру ісі бойынша айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін жазаланған. Қайғылы оқиға болған күні Азамат Тоқтаубаев үйқамақта болуға тиіс еді. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді, - деді Malim.kz тілшісі. 

Tengrinews.kz мәліметінше, 24 жастағы Азамат Тоқтаубаев орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияға жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл туралы ол Шерзат ісі бойынша алғашқы сот отырысында айтқан.

Азамат Тоқтаубаевқа үкім 2024 жылғы 17 қазанда, яғни Шерзат өлтірілгеннен екі апта өткен соң шығарылған.

"2024 жылғы 17 қазандағы Талғар аудандық сотының үкімімен Тоқтаубаев А.М. ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы (бұзақылық ниетпен қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды", – деп хабарлады облыстық прокуратура.

Азамат Тоқтаубаев Шерзат өлген күні неге бостандықта жүрген?

Прокуратурадан Шерзаттың өлімінен бір күн бұрын Азамат Тоқтаубаев неге бостандықта болғанын сұралды. 

"2023 жылғы 15 желтоқсанда Талғар аудандық тергеу сотының қаулысымен күдіктіге қатысты екі ай мерзімге, яғни 2024 жылғы 14 ақпанға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Кейін 2024 жылғы 6 ақпандағы тергеу сотының қаулысымен бұлтартпау шарасы қамаудан үйқамаққа өзгертілді", – делінген прокуратура мәліметінде.

Сонымен қатар, ведомствоның нақтылауынша, аудан прокуратурасының бұл қаулының күшін жою туралы өтінішін облыстық соттың апелляциялық сатысы қанағаттандырмаған.

Азамат Тоқтаубаев кім және оған қандай айып тағылған?

Азамат Тоқтаубаев 2000 жылы туған. Үйленген. Орта білімді. Өзінің айтуынша, жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

Қазір ол Шерзат ісі бойынша сотталушы ретінде жауапқа тартылып отыр. Бұл резонансты іс аясында оған "Бұзақылық" бабы бойынша айып тағылған.

Шерзат ісі бойынша кімдерге қандай айып тағылды?

2024 жылғы 17 сәуірде прокурор Дана Сәрсембай айыптау актісін оқыған кезде, Шерзат Болаттың қалай өлтірілгенін айтып берді. Тергеу дерегі бойынша, Шерзат пышақталғаннан кейін оны шабуыл жасаушылар тобы аяусыз ұрып-соққан.

Тергеу нұсқасына сәйкес, басты күдікті – Абзал Шынасыл. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, дәл осы сотталушы Абзал Шынасыл Шерзатқа пышақ сұққан.

Сотталушы Абзал Шынасыл ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру) және 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша айыпталып жатыр.

Сотталушы Равиль Сакиев те 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 99-баптың 2-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша айыпталып жатыр. 

Белгожаев Шыңғыс, Дархан ІӘкентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев және Дидар Қалиахметке ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша айып тағылған.

Кәмелетке толмаған Ы.Д. ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталып отыр.

Шерзат Болатты өлтіру дерегі

2024 жылғы 4 қазан түні Талғарда жасөспірім қатігездікпен өлтірілді. 16 жастағы Шерзат Болат әкесіне дүкенде көмектесіп жүргенде, сатып алушымен жанжал шығады. Әлгі сатып алушы таныстарына қоңырау шалып, олар келіп, Шерзатты, оның әкесін және ағасын ұрып-соғады. Олар пышақ және мылтық қолданған.

Істі ішкі істер министрі Ержан Саденов жеке бақылауына алған. Талғарға ІІМ-нің арнайы тергеу тобы жіберілді.

Фото: Әлеуметтік желіден 

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

13.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

06.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Талғар ауданында атыс болды

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

Оқиға орнына қаруды кім әкелгені әлі белгісіз болып тұр