Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Сұлу Бөлек

  • 16.05.2025

Бүгін Шерзат Болатты (Полатты) өлтіру ісі бойынша сот отырысында айыпталушылардан жауап алу жалғасып жатыр. Айыпталушы Азамат Тоқтаубаев прокурордың сұрақтарына жауап беріп, не себепті үйқамақта бола тұра, кісі өлтірілген түні қақтығыс ортасында көшеде жүргенін түсіндірді, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі. 

Сотта жауап беру кезінде прокурор айыпталушыдан ол үйқамаққа алынған бапты атауын сұрады. Алайда Тоқтаубаев бұл сұраққа жауап беруден бас тартып, себебі бұл осы іс бойынша мән-жайларға қатысы жоқ екенін айтты.

Судья оның уәжін қолдады. Дегенмен, Тоқтаубаев кісі өлтірілген түні үйқамақта бола тұра неге көшеге шыққанын түсіндірді.

"2023 жылғы желтоқсанда мен бір іс бойынша күдікті деп танылдым және сот санкциясымен екі айға СИ-18 тергеу изоляторына қамалдым. Кейін қорғаушым бұл санкцияны үйқамаққа ауыстыруға қол жеткізді. Жәбірленуші де менің бұл іске қатысым жоқ екенін айтқан. Жаз бойы үйқамақта болдым, белгіленіп жүрдім", – деді Тоқтаубаев.

Айыптаушы тарап "Сағат 22:00-ден кейін үйде болуыңыз керек екенін, көңіл көтеру орындарына баруға болмайтынын білдіңіз бе?" деп нақтылады. 

"Иә, менің әрекетімді құқықбұзушылық деп санауға болады. Өйткені үйқамақты бұзуға болмайтын еді. Бірақ балам ауырып қалған, сол себепті түнде үйден шығуға мәжбүр болдым", – деп жауап берді айыпталушы.

Айта кетейік, Шерзат өлтірілгеннен кейін Азамат Тоқтаубаев 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

"2024 жылғы 17 қазанда сот үкімі шықты. Халық наразылығына байланысты Талғар аудандық соты маған ең төмен мерзім берді. Олар мені бұл іске қатысы бар деп санады, бірақ жәбірленуші мен куәгерлердің сөзін ескермеді. Қазір Жоғарғы сотқа шағым түсірдім. Бұл істе де жеңіп шығамын, ақталамын", – деді Тоқтаубаев сотта.

Сондай-ақ, жауап алу кезінде Тоқтаубаев тергеу барысында тағы бір күдікті – Дархан Әскентайға қарсы жалған куәлік бергенін мойындады.

Прокурор оған тергеу кезінде Әскентайдың біреуді ұрғанын көрдім деген сөзі есіне салды.

"Мен ол көрсетулерімді растамаймын. Ол кезде Дарханға ренжіп жүріп, солай айтқанмын. Ол ешкімді ұрған жоқ, қолында ештеңе болмады, қару да болмады. Ол сөзіме өкінемін. Дарханның біреуді ұрғанын көрмедім. Бастапқы көрсетулерімде өтірік айттым", – деді Тоқтаубаев.

Прокурор "Яғни, сіз Дарханға жала жаптыңыз ба?" деді. 

"Жоқ, мен ешкімге жала жаппадым", – деп қысқа қайырды айыпталушы.

Еске салсақ, 15 мамырда сотта айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев жауап берген еді. Жауап алу кезінде ол адвокаттың "шын мәнінде "Хуторские" бандасы бар ма?" деген сұрағына жауап берді.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

13.05.2025

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды