#Шерзатүшін: 600 мыңнан астам қазақстандық әділ жаза талап етіп отыр

Тергеу барысы туралы нақты ақпаратты жариялап отыру үшін Instagram желісінде justice_for_sherzat деген арнайы аккаунт ашылды

Мадина Қайнарова

  • 14.10.2024

Қазақстанда #ЗаШерзата, яғни #Шерзатүшін деген хештпегпен ауқымды флешмоб басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Желі қолданушылары Талғарда қаза болған жасөспірімнің фотосуретін жариялап, осы хештегті көрсетеді. Қазір  бұл флешмобқа 600 мыңнан астам қолданушы қосылып, кінәлілерге қатысты әділ жаза қолданылуын талап етіп жатыр.

Айта кетсек, Талғардағы жағдай біршама ушығып, Шерзат Болаттың отбасының үйі өртеніп кетті. Алдын ала берілген мәліметтер бойынша, біреу қасқана өртеуі мүмкін.  Бұл қазақстандықтардың ашуын одан бетер өршітті.

Бұл оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерде түрлі қауесет әңгімелер де тарап кетіп жатыр. Мысалы, алаяқтар баланың әкесінің атынан көмекке қаражат жинайтын жалған аккаунт ашып үлгерген.

Жалған ақпаратқа тап болмас үшін, сондай-ақ бұл оқиға бойынша жүріп жатқан тергеу барысы туралы нақты ақпаратты жариялап отыру мақсатында Instagram желісінде justice_for_sherzat деген арнайы аккаунт ашылды. Онда Шерзаттың отбасының адвокаттары ақпарат беріп отырады. Аз уақыт ішінде бұл аккаунтқа 80 мыңнан астам адам тіркелді. 

Фото: @justice_for_sherzat

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған