Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл автокөлік соқтығысқан, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.
Instagram желісіндегі Taraz_v_obektive парақшасында жарияланған видеода оқиға орнына жиналған куәгерлер мен пойыз бен автобус арасында қыстырылып қалған жеңіл көлік бейнеленген.
Кейін желіде оқиға орнынан түсірілген басқа да видеолар жарияланды. Кадрлардан автобустың жанында адамдар көп жиналғаны, ал жеңіл көліктің қатты зақымданғаны көрінеді.
"Біздің қызметкерлер жеңіл көліктен екі азаматты шығарып алып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды", – деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Кейінірек "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі апаттың Тараз – Жаңатас бағытындағы Бурыл стансасының теміржол өткелінде болғанын мәлімдеді.
"Mercedes жеңіл көлігінің жүргізушісі теміржол өткелінен өту ережесін бұзып, жүк пойызының вагондарымен соқтығысты. Қаза тапқандар жоқ. ҚТЖ барлық жүргізушіге жол жүру ережелерін сақтауды ескертеді", – делінген хабарламада.
Фото: Видео кадры