Теміртаудағы зейнеткерді қатыгездікпен соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды

Теміртауда зейнеткердің пәтеріне алдап кіріп, қорлық көрсеткен жасөспірімдер қамауға алынды

Сұлу Бөлек

  • 08.04.2025

Теміртауда зейнеткердің пәтеріне алдап кіріп, қорлық көрсеткен жасөспірімдер қамауға алынды, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі. 

Қарағанды облысының прокуратурасы Теміртауда зейнеткерге шабуыл жасаған жасөспірімдердің қамауға алынғанын айтты.

Ведомство мәліметінше, бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша ("Тонау") қылмыстық іс қозғалған.

"Күдікті ретінде танылған тоғыз адам, оның ішінде кәмелетке толмаған жеті жасөспірім Қылмыстық-процестік кодекстің 131-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Теміртау қалалық соты оларды екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", – делінген прокуратура хабарламасында.

"Қатаң шара қолдануға негіз болған – жасалған қылмыстың ауырлығы" деді олар. 

Қазір істің шеңберінде қажет сараптамалар тағайындалып, жан-жақты әрі объектив тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты балаларының тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін де қылмыстық іс қозғалып, бөлек тергеу басталған.

Еске салайық, бұған дейін 67 жастағы зейнеткер жасөспірімдердің қорлығына ұшыраған болатын. Күдіктілер пәтерге электрик болып кірген болып, қарияны тонап, басы мен денесіне бірнеше рет аяғымен соққы жасап, балағаттап, бетіне түкірген. Әлеуметтік желіде оқиға бейнежазбасы таралғаннан кейін полиция бес жасөспірімді ұстаған. Олар бұған дейін де полицияда есепте тұрған.

Кейін әлеуметтік желілерде қарияға шабуыл жасаған жасөспірімдердің өздері де ұрып-соғылған видеосы тарады – оларға қатарластары "өз қолымен жазалау" ұйымдастырған.

Оқиғадан кейін облыс әкімінің тапсырмасымен Теміртау қаласы әкімінің орынбасарына және жасөспірімдер оқитын мектеп директорларының орынбасарларына тәртіптік жаза қолданылғаны белгілі болды.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Маңғыстаудағы көз жұмған жасөспірімнің ата-анасы мәлімдеме жасады

16.04.2025

Черногорияда «НеМолчи.kz» қорының негізін қалаушы Дина Тансари ұсталды

14.04.2025

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

14.04.2025

Қазақстанда зейнетақы өсетін болды

12.04.2025

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

10.04.2025

Абай облысында 13 жастағы бала із-түзсіз жоғалып кеткен

10.04.2025
MalimBlocks
Маңғыстаудағы көз жұмған жасөспірімнің ата-анасы мәлімдеме жасады

Черногорияда «НеМолчи.kz» қорының негізін қалаушы Дина Тансари ұсталды

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

Журналист Нұргелді Әбдуғани Украинадағы Сумскі қаласына жасалған соққы туралы айтты

Қазақстанда зейнетақы өсетін болды

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

Абай облысында 13 жастағы бала із-түзсіз жоғалып кеткен

Абай облысында полиция 13 жастағы Қайратұлы Қайсар есімді жасөспірімді іздестіріп жатыр