Теміртауда бірнеше жасөспірім қарияны соққыға жығып, видеоға түсірген 

Теміртауда бір топ жасөспірім 67 жастағы зейнеткерді алдап, пәтеріне кіріп, оны аяусыз ұрып-соғып, видеоға түсірген

Сұлу Бөлек

  • 31.03.2025

Теміртауда бір топ жасөспірім 67 жастағы зейнеткерді алдап, пәтеріне кіріп, оны аяусыз ұрып-соғып, видеоға түсірген, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желілерде бұл жағдайдың кадрлары жарияланды. Видеода жасөспірімдердің қарияны беттен ұрып, оған түкіріп, балағаттап жатқаны көрінеді.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, жасөспірімдер өздерін электр жөндеушіміз деп таныстырып, қарияның үйіне кірген.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімдердің жеке тұлғалары анықталған.

"Бұл оқиғаны полиция учаскелік инспекторлары профилактикалық жұмыс аясында – бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланғанға дейін анықтады. Барлық кінәлі, соның ішінде кәмелетке толмағандар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері тиісті тәрбиелік шараларды орындамағаны үшін жауапқа тартылады", – деп мәлімдеді ведомстводан.

Айта кетейік, барлық жасөспірім профилактикалық есепке қойылды.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

08.05.2025

Жасөспірім ұлдардың оқу үлгерімі неге төмен болады?

20.04.2025

Ақмола облысында 80 жастағы қария суға батып кете жаздады

17.04.2025

Маңғыстаудағы көз жұмған жасөспірімнің ата-анасы мәлімдеме жасады

16.04.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

Жасөспірім ұлдардың оқу үлгерімі неге төмен болады?

Ғалымдар жасөспірім ұлдардың сабақ үлгерімінің төмен болуы себебін анықтады

Ақмола облысында 80 жастағы қария суға батып кете жаздады

Ақмола облысында полиция қызметкері мен балықты қорғау инспекторы өзенге батып бара  жатқан ер адамды құтқарып қалды

Маңғыстаудағы көз жұмған жасөспірімнің ата-анасы мәлімдеме жасады