457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түрме ішінде бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ сотталды

Абай облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылғы 5 мамырда Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты түзету мекемесінде әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне үкім жариялады. Топ құрамындағы сотталғандар басқа жазасын өтеушілерден ақша бопсалаумен айналысқан.

Қылмыстық топтың мүшелері физикалық күш қолданған, психологиялық қысым көрсеткен және жәбірленушілерді ақшасынан «ерікті түрде» бас тартуға мәжбүрлеген.

Тергеуді облыс прокуратурасы жүргізді, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1 және 2-бөліктері (ұйымдасқан топты құру, басқару және оған қатысу) және 194-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы (бопсалау) бойынша қаралды.

Сот сегіз айыпталушыны кінәлі деп танып, 8-ден 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Тоғызыншы қатысушы сотқа дейін қайтыс болғандықтан, іс тоқтатылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Фото: Glavk.info