Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

Сұлу Бөлек

  • 22.05.2025

Шерзат Болат ісіндегі айыпталушы Абзал Шынасылдан жауап алынған сот отырысында тікелей эфирге түсіп қалған диалог қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Malim.kz 

Кадрда соттың аяқталғаны жарияланып, жиналғандар орындарынан тұра бастағаны көрінеді.

– Көзімнен жас шығып кете жаздады ғой. Дұрыс сөйледім бе ей? 

– Саған көп сұрақ қоймайды. Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын.

Видеода кім сөйлеп жатқаны белгісіз. Желі қолданушылары мұны айыпталушылар мен олардың адвокаттарымен байланысты деп топшылады.

Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Алайда үйді өртеген күдіктілер әлі күнге табылған жоқ. 

Фото: Жоғарғы сот 

Байланысты жаналықтар

Шерзат Болат ісі: оқиға орнында түсірілген куәлердің видеолары көрсетілді

22.05.2025

Тараз құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды

22.05.2025

Куәгерден ақша бопсалаған тергеушілер сотталды

21.05.2025

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

21.05.2025

"Кім не айтатынын алдын ала келістік" - Шерзат ісі бойынша айыпталған Абзал Шынасыл

21.05.2025

Шерзат ісі: Абзал Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ сұққанын мойындады

21.05.2025
MalimBlocks