Жәбірленушілерден несие алуын өтінген: экс-судья Жолмановаға қатысты жаңа дерек

Алматыда Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолманова ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін іс бойынша 10 жәбірленушіден жауап алынды

Сұлу Бөлек

  • 22.04.2025

Алматыда Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолманова ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін іс бойынша 10 жәбірленушіден жауап алынды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жәбірленушілердің сөзінше, Жолманова олардан бірден бірнеше банктен несие алып беруді сұраған, ал ақшаны өсіммен қайтаруға не болмаса тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесуге уәде берген. Айыпталушы шипажайы бар екенін және әртүрлі тендерге қатысатынын айтып, ақшаны қайтара алатынын алға тартқан.

“Светлана Жолманованы он жылдан астам уақыттан бері танимын, ол көршімнің жақын құрбысы болатын. 2023 жылы ол ақшалай көмек сұрап, несие алып беруімді өтінді. Ақшаны көмекшісі Ұлдана арқылы беріп жібердім. Барлығы 7 млн ​​теңге бердім”, – дейді жәбірленуші Г.Шахманова.

Тағы бір жәбірленуші Г.Ергешова сұлулық салонында жұмыс істеген, салонға Светлана Жолманова, анасы мен көмекшілері барып жүрген. 2022 жылдың тамыз айында жәбірленуші өз атына несие алған. Жолманова өзі төлеуге уәде беріп, несиені өтеп берген. Кейін Жолманованың көмекшісі Ергешованы тағы 1,3 миллион теңгені бөліп төлеуге алуға көндірген. Жәбірленушінің айтуынша, сотталушының өзі ақшаны алғанын растаған.

Сотта сөз алған жәбірленушілердің барлығы дерлік сотталушы Светлана Жолманованы 10 жылдан астам уақыттан бері танитынын және оның қызметте жүрген судья екенін білетінін айтты. Жәбірленушілер арасында оның құрбылары, көршілері, таныстары мен әріптестері бар. Сондықтан олар оған толығымен сеніп, ешқандай қолхат талап етпеген. Олардың айтуынша, жауапкер шынымен де алғашқы айларда қарызын төлеп келген, бірақ кейін төлемей қойған.

“Светлана Жолманова әпкемнің құрбысы болатын. 2023 бір-екі айдан кейін жауып, пәтерім болмағандықтан, тұрғын үй жағдайымды жақсартып беремін деген шартпен несие алып беруімді өтінді. Ол тендерлерге қатысып жүргенін, бірақ кідіріс болып тұрғанын, ақша керек екенін айтып, көмек сұрады. Оның көмекшісі Айдана екеуміз бірнеше банкке барып, 4 банктен жалпы сомасы 16,7 миллион теңге болатын несие алдым. Мен барлық ақшаны Айданаға бердім, кейін Светлана ақшаны алғанын растады. Жолманова несиені үш ай ғана төледі”, – дейді жәбірленушілердің бірі Мырзаходжаев.

Сонымен қатар жәбірленушілер сотта Жолманованың сол кездегі Алматы әкімі Бауыржан Байбектің әйелі Жанар Байбек есімді құрбысы туралы жиі айтатынын атап өтті.

Зардап шеккендердің бірі – Молжігітова Жолманованы мектеп кезінен танитынын, екеуі бір мектепте және бір университетте оқығанын айтты. Жәбірленуші сотта хатшы болып жұмыс істеген, кейін хатшы лауазымы босаған кезде оны Жолмановаға ұсынған.

“Мен соттан кеткеннен кейін де бірге жұмыс істедік, жақын араластық. Судья болған соң әр бас қосуда шотты өзі жауып жүретін, ал біз “судьялар осынша айлық ала ма екен?” деп ойлайтынбыз. Жанар Байбекпен бірлескен жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар екенін айтты, оны мен де студенттік кезден жақсы танитынмын. Ол сондай құрбысының арқасында тендерде жолы болып жүргенін айтты. 2021 жылы пәтерімді банкке кепілге қоюға үгіттей бастады. Қомақты қаржысы “тұрып қалғанын”, содан айырылып қалуы мүмкін екенін айтты. Жалғыз ғана баспанам бар екенін, 80 жастағы анам мен баламды қарап отырғанымды білді, – дейді Молжігітова.

Осылайша, жауапкер Жолманова оның пәтерін жеке кредиторларғақарыз шарты бойынша кепілге қойған. Жәбірленушінің айтуынша, үш ай өтсе де Жолманова әлі күнге дейін уәде етілген ақшаны қайтармаған және пәтерді кепілден шығармаған. Енді жәбірленуші пәтерінен айыылып қалуы мүмкін, өйткені несие беруші пәтер арқылы 137 миллион теңге қарызын өндіру үшін сотқа шағым түсірген.

Бұл іс Медеу ауданындағы №2 сотта судья Қанат Әріновтің төрағалығымен қаралып жатыр.

Өткен сот отырысында прокурор Раушан Абдулла айыптау актісін оқыды. Жолмановаға Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы – аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі  бойынша айып тағылды. Тергеу барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іске біріктірілді.

Айта кетейік, сот отырысы сотталушының қатысуынсыз өтіп жатыр.

Бұған дейін Светлана Жолмановаға қатысты сот отырысы бес рет кейінге шегерілген.

Экс-судья Светлана Жолманованың ұсталғаны туралы 2024 жылғы қазанда мәлім болған еді. 

Фото: видео скрины 

Байланысты жаналықтар

Екібастұзда азаматтардың жаппай улануына қатысты сот үкімі шықты

22.04.2025

18 млн теңге заңсыз сыйақы алған: Ақтау сотының төрағасы сотталды

21.04.2025

Отбасындағы жанжалдан кейін әйелінің жұмыс орнын қиратқан азамат сотталды

20.04.2025

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

18.04.2025

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

18.04.2025

Үш көлікпен келген адамның немеремді теппегені жоқ – Шерзат Болаттың әжесі

18.04.2025
MalimBlocks
Екібастұзда азаматтардың жаппай улануына қатысты сот үкімі шықты

18 млн теңге заңсыз сыйақы алған: Ақтау сотының төрағасы сотталды

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталды

Отбасындағы жанжалдан кейін әйелінің жұмыс орнын қиратқан азамат сотталды

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

Алаяқтық бойынша айыпталған судьяның Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

Ол көпшілікті жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Үш көлікпен келген адамның немеремді теппегені жоқ – Шерзат Болаттың әжесі