457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

Атырауда 18 жасар бозбала моторлы қайықтан құлап, Жайық өзеніне батып кетті. Құтқарушылар оны 3 күннен бері іздеп жатыр,- деп хабарлайды Malim.kz kazinform.kz-ке сілтеме жасап.  


Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан мәлім еткендей, оқиға 3 мамырда болған. 

Сағат 17:25–те төтенше жағдайлар департаментіне Жайық өзеніне ер адамның суға батып кеткені туралы қоңырау түсті. Департамент құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, 2007 жылғы азамат К.А.-ның өзеннің арғы бетіне өтіп бара жатқан моторлы қайықтан құлап кеткенін анықтады. Іздеу жұмысына күн сайын 12 құтқарушы, 4 жүзу құралы, 3 техника, ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды, — деп хабарлады департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы.

Сондай-ақ, облыстық полиция департаментінің қызметкерлері мен кемесі жұмылдырылды. 

Іздестіру жұмыстары су астына сүңгу, акваторияны шолу, өзен түбін тралдау арқылы жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін шамамен 2 шақырым аумақ қаралды. Алайда, өзенде ағыс қатты, бұл су астында көру деңгейін төмендетті. Су астындағы бөгде заттар іздестіру жұмыстарына қиындық келтіріп отыр, — деп мәлім етті департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан.

Жайық өзеніне батқан бозбаланы іздестіру жұмысы жалғасып жатыр. 

Фото: Атырау облыстық ТЖД