freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Олжас Беркінбаев Ғылым және жоғары білім министрлігіндегі қызметін аяқтады

Қоғам
Олжас Беркінбаев Ғылым және жоғары білім министрлігіндегі қызметін аяқтады
Фото: әлеуметтік желі

Олжас Беркінбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігіндегі қызметін аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің (тарих және құқықтану) түлегі. Саясаттану саласы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын 2012 жылы ҚР ІІМ-нің «Сақшы» газетінде тілші болып бастаған.

2013 жылдан бастап Президент көмекшісі, Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының жетекші маманы, «Nur Otan» партиясының елордалық филиалының баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.

2016 жылдан бері National Digital History of Kazakhstan жобасының жетекшісі; ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының аға сарапшысы; Saryarqa Aqparat медиахолдингінің директоры; ҚР СІМ үшінші хатшысы; ҚР Экология министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры; «Отандастар қоры» вице-президенті болған.

2024 жылдың шілдесінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры – баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды.

2025 жылдың қазанынан бастап Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі болды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу