Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён Солтүстік Кореяға 1950–1953 жылдардағы Корей соғысын ресми түрде аяқтау мәселесі бойынша келіссөздер бастауды ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Ол Кореяның Жапония отарлауынан азат етілуінің жылдығына арналған шарада Пхеньянды өзара қауіп төндіруді тоқтатып, ешқандай алдын ала шарт қоймай, диалог бастауға шақырды.
Ли Чжэ Мённің айтуынша, келіссөздер Солтүстік Кореяның ядролық әлеуетін одан әрі арттыруды тоқтатудың тиімді жолдарын талқылауға мүмкіндік беруі мүмкін. Алайда КХДР бұған дейін ядролық арсеналынан бас тартпайтынын бірнеше рет мәлімдеген.
Шілде айында Сеул бұл мәселедегі ұстанымын жұмсартты. Оңтүстік Корея енді КХДР-дан ядролық қарудан толық бас тартуды талап етпей, ядролық арсеналдың одан әрі ұлғаюын тоқтатуға күш салмақ.
Пхеньян әзірге Оңтүстік Корея президентінің бастамасына жауап берген жоқ.