457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

1 маусымда ауа райы қандай болады?

1 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазгидромет мәліметінше, тек батыс пен солтүстік-батыста Солтүстік антициклон ықпалымен күн ашық болады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Дауыл тұрып, желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысында күндіз солтүстік пен оңтүстікте, таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел жылдамдығы 20 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысының солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел 23 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында найзағай мен бұршақ болады. Желдің жылдамдығы 20 м/с шамасында.

Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Кей жерлерде жел екпіні 25 м/с дейін барады.

Алматы облысының солтүстігі, шығысы және таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел 27 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысында түнде найзағай ойнап, күндіз жел 20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады. Жел екпіні – 20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Жел – 20 м/с.

Түркістан облысының таулы өңірлерінде күн күркіреп, дауыл тұрады.

Синоптиктер еліміздің түрлі аймақтарында дауылды ескерту жариялап отыр. Тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.

Фото: freepik.com