14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Malim Админ

  • 13.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам қамтылды. Бүгінде ерекше қажеттіліктері бар 108,9 мың адам жұмыспен қамтылған (28,9%).


2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 737,4 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санының 3,7%-ын құрайды, олардың 376,7 мыңы еңбекке қабілетті жаста.

ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс істейтіндердің жалпы санының 2-ден 4% - на дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілейді. Осы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша квота бойынша 4,8 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылады. Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тұрақты жұмыс орындарына 874 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 191 адам, жастар практикасына – 80 адам, қоғамдық жұмыстарға – 3248 адам, «Алғащқы жұмыс орны» жобасы бойынша – 4 адам және «Күміс жас» жобасы бойынша – 333 адам жұмысқа орналастырылды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 17 адам, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 1,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 726 адам аяқталғаннан кейін сертификаттар алды.

Халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға өз бизнесін ашу үшін 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі.

Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жабдықтауға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілді. Субсидиялар жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін жабдықтарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында беріледі. Барлығы 226 арнайы жұмыс орны құрылды.

Фото: Gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

06.05.2025
MalimBlocks
Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

Жиын барысында қыз баланың инабаттылығы, киімі мен жүріс-тұрысы туралы уағыз-насихат айтылған