"19 баланы оқытқан". Қарасай ауданында заңсыз медресе анықталды
Тәжікстан елінің тумасы жеке үйдің аумағында араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолданып, балаларға сабақ берген

Алматы облысы Қарасай ауданында 19 баланы заңсыз оқытқан жасырын медресе жұмыс істеп тұрғанын анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.
Облыстық прокуратураның мәліметіне қарағанда, Тәжікстан елінің тумасы жеке үйдің аумағында араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолданып, балаларға сабақ берген.
Тексеру кезінде 179 дана діни әдебиет, сонымен қатар ұялы телефон мен ноутбук тәркіленіп, тиісті сараптамалар белгіленді. Кінәлі адамды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Қазір балалар ата-аналарына қайтарылды, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, дәл осыған ұқсас жағдай Шымкент қаласында да тіркелді. Онда елімізде шектеу қойылған діни ағым өз жұмысын жасап келген.
Фото: pixabay.com
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат
Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны