2 бала қайтыс болды: СҚО-да бір отбасы тұшпарадан уланып қалды

Отағасы бір күн бұрын отбасының ауылдағы дүкеннен сатып алған тұшпара жеп, кола ішкенін айтқан.

Malim Админ

  • 14.06.2024

Солтүстік Қазақстандағы ауылда бір отбасы тамақтан уланып ауруханаға түсті, екі бала қайтыс болды, дәрігерлер ана мен тағы бір баланың өмірі үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

7152.kz сайтының жазуынша, қайғылы оқиға Қызылжар ауданы Надежка ауылында болды. Ол жерден 1996 жылы туған ана және оның 2014 ж, 2017 ж және 2021 жылы туған балалары Петропавл облыстық ауруханасына жеткізілді. Кейінірек екі бала, 3 жасар ұл және 6 жасар қыз қайтыс болды.

СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша

«Абайсызда адамдардың жаппай улануына және екі адамның өліміне әкеп соққан санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Отбасының әкесі бір күн бұрын отбасының ауылдағы дүкеннен сатып алған тұшпара жеп, кола ішкенін айтқан.

Облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті сынамалар алынып, зертханаға жіберілгенін хабарлады.

Фото: razrisyika.ru

Байланысты жаналықтар

СҚО-дағы екі ауыл ішімдіктен толықтай бас тартты

24.05.2025

Шерзат ісі: тергеу барысындағы видеолар көрсетілді

23.05.2025

Сәтбаевта қызға шабуыл жасаған күдікті қылмысын мойындады

23.05.2025

"Кім не айтатынын алдын ала келістік" - Шерзат ісі бойынша айыпталған Абзал Шынасыл

21.05.2025

Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

19.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025
MalimBlocks
СҚО-дағы екі ауыл ішімдіктен толықтай бас тартты

Шерзат ісі: тергеу барысындағы видеолар көрсетілді

Сәтбаевта қызға шабуыл жасаған күдікті қылмысын мойындады

"Кім не айтатынын алдын ала келістік" - Шерзат ісі бойынша айыпталған Абзал Шынасыл

Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр