Абай облысында 20 тонна көмір тиеген жүк көлігі өртеніп кете жаздады

Абай облысы Көкпекті ауданында полицейлер ірі апаттың алдын алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Көмір тиелген жүк көлігінің артқы жағынан түтін шыққанын байқаған тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етті. Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің тежегіш колодкалары қызып, жанып кеткен. Түтін жанармай багына таяу жерден шыққан, бұл өрттің тез өршуіне және ауыр салдарға себеп болуы мүмкін еді.
Көлік жүргізушісін дереу тоқтатқан полиция қызметкерлері көліктегі өрт сөндіргішті пайдаланып, отты дер кезінде ауыздықтады.
Айта кетейік, жүк көлігінде 20 тонна көмір болған. Бір сәтке кешіккен жағдайда өрт жойқын апатқа әкелуі мүмкін еді. Ал көлік жүргізушісі полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, егер дер кезінде тоқтатпағанда, салдары өте ауыр болатынын жеткізді.
Фото: polisia.kz

Ең көп оқылған
