АЭС салу: Қазақстан тізіміне қытайлық реакторлар кірді

Арман Қайыпхан

  • 26.05.2025

Қазақстан Республикасының Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қытай Халық Республикасының Экология және қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық басқарманың басшысы Дон Баотонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Келіссөздер Астана қаласында өтіп, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығын кеңейту мәселелеріне арналды.

Тараптар екі елдің реттеуші органдары арасындағы практикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Қазақстан тарапынан лицензиялау, қадағалау және техникалық сараптама секілді негізгі бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірілді.

Алмасадам Сәтқалиев қытайлық делегацияны Атом энергетикасы агенттігінің құрылуы және атом саласындағы қауіпсіздікке жауапты жаңа реттеуші орган – Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің құрылуымен таныстырды. Ол Қазақстанның халықаралық стандарттар мен үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге, сондай-ақ реттеу, экологиялық тұрақтылық пен ядролық қауіпсіздік саласындағы озық тәжірибеге бейімделіп отырғанын атап өтті.

Келіссөздер барысында атом электр станциясын салу жобасын іске асыру, ядролық отын циклі бағытындағы ықтимал ынтымақтастыққа, сондай-ақ ғылыми-техникалық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылды.

Қазақстан тарапы АЭС жобасын іске асырудың барлық кезеңінде ядролық және су-экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қытай тәжірибесін зерделеуге қызығушылық танытты.

АЭС салуға дайындық аясында технология жеткізушілердің шорт-листі жасақталғаны атап өтілді. Бұл тізімге қытайлық HPR-1000 реакторлық технологиясын ұсынатын CNNC компаниясы да кірді.

Қытай делегациясының сапары екіжақты өзара іс-қимылды дамытудағы маңызды кезеңге айналып, Қазақстан мен Қытайдың бейінді ведомстволары.

Фото: Энергетика министрлігі

Байланысты жаналықтар

Қытайдың алпауыт компаниясы Қазақстанмен әріптестікті күшейтпек

27.05.2025

Қытайда тұңғыш рет роботтар арасындағы бокстан турнир өтті

27.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

11.05.2025

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025

Ресей мен Қытай стратегиялық әріптестік туралы мәлімдеме қабылдады

08.05.2025
MalimBlocks
Қытайдың алпауыт компаниясы Қазақстанмен әріптестікті күшейтпек

Қытайда тұңғыш рет роботтар арасындағы бокстан турнир өтті

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

Ресей мен Қытай стратегиялық әріптестік туралы мәлімдеме қабылдады