Әйел аузына келгенін айтады, оны жаба алмайсың – Нұрлан имам

Сабина Асқарқызы

  • 21.04.2025

Белгілі имам Нұрлан қажы Байжігітұлы әйелдерге қатысты шындықты ашып айтып, желіде тағы да қызу талқыға түсіп жатыр. Дін өкілінің пікірінше, отбасылы нәзік жандарға әрқашан көп ақша керек, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желідегі кезекті тікелей эфир кезінде имамға көрермен сұрақ қойды.

«Әйелі күйеуінің тапқан ризығына разы болмаса, ол әйелді не істеу керек?», - дейді көрермен.

Бұл сауалға Нұрлан қажы Байжігітұлы қарапайым ғана тілмен жауап қатты.

Ешнәрсе істемеу керек. Әйел өмір бақи риза болмайды. Ұрып, тепкілеп, ажыраса беру керек пе? Әйелге көп ақша керек. Қымбат тон, бриллиант алғысы келеді. Сенен мықты ата-бабамыз бен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) әйелдері айтқан. Онда тұрған не бар?, - деді имам.

Сондай-ақ имам сөйлей беру әйелдердің ежелден әдеті екенін, өйткені Алла тағала оларды солай жаратқанын алға тартты.

Әйел сөйлейді, сол үшін ол - әйел. Аузына келгенін айтады. Оны жаба алмайсың. Себебі оларды айтушы етіп Құдай солай жаратқан. Еркектер ұрысқан кезде «Не қатынсың ба?» дейді ғой. Тура солай. Сондықтан әйел айтады, еркек тыңдайды, - деді дін өкілі.

Нұрлан қажы Байжігітұлы жауабының соңында еркектерге өз ақылын айтты. Егер отбасында кикілжің мен ұрыс шығып қалса, еркек үнсіз үйден шығып кеткені абзал. Сыртта біраз жүріп, ашуы тарқаған соң үйіне келіп,«жаным, күнім» деп әйеліне жылы сөздерін айтқаны жөн.

Фото: ашық дереккөзден

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам сотталды

09.04.2025

Ата-анасыз неке қиюға бола ма? Нұрлан имам жауабы

06.04.2025

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

29.03.2025

Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелінің мүрдесін перзентхананың жертөлесінен тауып алған

28.03.2025

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

25.03.2025

Депрессия салдарынан әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

23.03.2025
MalimBlocks
Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам сотталды

Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам сотталды

Ата-анасыз неке қиюға бола ма? Нұрлан имам жауабы

Нұрлан имам қыз балаға ата-анасыз неке қиюына болмайтынын айтты

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған

Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелінің мүрдесін перзентхананың жертөлесінен тауып алған

Жамбыл облысында жүкті әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

Қызылорда облысында, Тасбөгет кентінде ер адам қызғаныштан жұбайын соққыға жыққан

Депрессия салдарынан әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

Атыраулық келіншек 3 жас және 11 айлық балаларының өліміне күдікті ретінде ұсталды. 29 жастағы әйел босанғаннан кейін депрессияда түсіп кеткен