Академик Төрегелді Шарманов дүние салды

Ғалым 93 жасында өмірден озды

Мәди Саматұлы

  • 25.05.2024

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Төрегелді Шарманов дүние салды. Қайғылы жағдайды Әлихан Бәйменов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Ұлттың асыл абызы мәңгілік сапарына аттанды… Өшпес із қалдырған алып тұлғаның жаны жәннатта, иманы саламат болсын!» деп жазды қоғам қайраткері.

Төрегелді Шарманұлы Шарманов 1930 жылы 19 қазанда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында дүниеге келген. Гигиенист-нутрициолог ғалым. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ тағамтану академиясының президенті. Ресей Медицина Ғылым Академиясының және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Алматы және Жезқазған қалаларының Құрметті азаматы.

Негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Ол тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесінде ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады; мешел ауруының даму механизмін ашты. Оның басшылығымен емізулі балаларға арналған «Бөбек», «Аруана», «Антихолестерин» тағам қоспаларын шығарылды. Оның бастамасымен 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) мен ЮНИСЕФ-тің Халықаралық Алматы конференциясы өтіп, онда медицинаның алғашқы жәрдем санатының ұлттық жүйесін ұйымдастырудың ұстанымдары алғаш рет тұжырымдалған Алматы декларациясы қабылданды.

Фото: Ult.kz

Байланысты жаналықтар

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Нұралы Әлиевтің әжесі өмірден өтті

30.04.2025

Алматыда көшелерді жауып ұйымдастырған марафоннан екі адам қайтыс болды

20.04.2025

6 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

14.04.2025

Танымал қазақстандық журналист қайтыс болды

09.04.2025

Белгілі кәсіпкер Александр Машкевич өмірден өтті

22.03.2025
MalimBlocks
«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Нұралы Әлиевтің әжесі өмірден өтті

Ол әжесіне арнап жазба жариялады.

Алматыда көшелерді жауып ұйымдастырған марафоннан екі адам қайтыс болды

6 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

Танымал қазақстандық журналист қайтыс болды

Қоғамдық-саяси "Время" газетінің бас редакторы, қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден өтті

Белгілі кәсіпкер Александр Машкевич өмірден өтті