457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Актриса ене мен келіннің бірге тұруы туралы пікір білдірді

“Қазір қыздың да, ұлдың да көзі ашық” дейді ол

“Шаншар” әзіл-ысқақ театрының актрисасы Күннұр Қалмырзаева ене мен келіннің бір шаңырақта тұруы қате екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ол “Қайықта” бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

”Келін мен ененің бір шаңырақ астында тұрғаны қате деп есептелінеді. Өзімнің жасым 50-ге келіп қалды. Құрбы, құрдастарым қыз ұзатып, келін түсіріп жатыр. Соларға “неге ұстайсың” деймін. Қазір қыздың да, ұлдың да көзі ашық, көкірегі ояу. Ол күнде интернетті, тик токты көреді. Барлығы керемет өмір сүріп жатыр. Сенің келінің ғана керемет өмір сүрмей жатыр, өйткені сен ене болып отырсың. Оны жұмсайсың, өзің қалаған нәрсені жасатқың келеді. Ал ол өзінің қалаған нәрсесімен өмір сүргісі келеді. Сенің бетіңе келіп баж дегісі келмейді. Себебі, балаңды жақсы көріп отыр. Сол себепті мен “жібер, өмір сүрсін, көрсін. Сен еңкейіп, өз өміріңді өзің жасай алмай отырған жоқсың ғой. 80,90-ға келгенде балаңның өзі жаны ашып келер. Ұстамаңдар” деймін. Менің қазіргі ойым келін мен баланы ұстамаңыздар. Өйткені, бұрын күн көре алмағандықтан бәрі бір әулетте өмір сүрген. Ал қазір күнкөріс мүлдем басқаша”, — деді актриса.

Фото: видеодан скрин