Алаяқтарға 800 мың теңге несие әперген қыздың әңгімесі

Айшолпан КЕРІМ

  • 06.05.2022

Құқықтық статистика қызметі ұсынған соңғы дерекке сәйкес, елімізде соңғы бес жылда алаяқтық фактілері жиілей түскен, 2021 жылы 41 мыңға жуық қылмыс тіркелген - бұл елдегі барлық қылмыстық құқықбұзушылықтың төрттен біріне тең. Алаяқтық әрекеттердің түрі көп: интернеттегі жалған хабарлама мен жеке деректі қолдану арқылы атыңызға микронесие алуы мүмкін. 

Алаяқтар әдетте бейтаныс нөмірден хабарласып, өздерін банк қызметкері деп таныстырады. Нағыз банк қызметкерлерінің сұрақтары әдетте жабық “иә/жоқ” деген жауапқа негізделеді. Ал алаяқтың сұрағына адамдар қалай ашылып жауап беріп, дерегін бөлісіп қойғанын байқамай қалуы мүмкін. Оның үстіне мәселенің шұғыл екенін айтып, дереу деректерін айтпаса, біреу шотындағы ақшасын шешіп алғалы жатқанын, атына алаяқтар несиеге өтініш бергенін айтып, әбіргерге салады. 

Әсел есімді кейіпкеріміз де алаяққа өз атынан 800 000 теңгенің несиесін алып берген. Қазір сан соғып қалған бойжеткен өзгелер де қателесіп қалмаса екен деген өтінішпен, Мәлімге хабарласып, сұхбат беруге дайын екенін айтты.

Негізі әлі де жарияға жар салып, алаяқтың құрбаны болғанымды, өз қолыммен бір миллион теңгенің несиесін алып бергенімді, енді оны жылдап төлеуіме тура келіп тұрғанын айту қиын. Ойласам, қиналып кетемін. Оның үстіне кімге айтсам да, “сонша сенгіш болуға бола ма?” деп өзімді кінәлап шығады. Мұң бөліскенде адамды кінәламай, қолдамаса да, жай үнсіз тыңдауға болады ғой?...

Осыдан бір ай бұрын өзін Kaspi bank қызметкерімін деп таныстырып, бір бейтаныс нөмірден хабарласып, несие алуға өтініш білдіргенімді растауым керек екенін айтты. Өмірімде несиеге жоламаспын дейтінмін, қорқатынмын, ата-анам да қанша қиналсақ да, еш уақыт несие алып көрмеген. Қоңырау шалған банк қызметкері несие дегенде тағы шошып кетіп, ешқандай өтініш бермегенімді айттым. 

Бірден алаяқтар болуы мүмкін екенін айтып, көмектесеміз деді.

“Сіздің атыңыздан екі банктен несие алғалы жатыр. Біз қазір бірдей кредит шоттарын ашқан соң, несие бөлімі алаяқтар ашқан шотты бұғаттайды. Желіде қалып, біздің нұсқаулығымызға сүйеніңіз” - осыған ұқсас сөз айтты. Қоңырау шалып тұрған қызметкердің орысша біртүрлі акценті бар еді.

Сонымен алаяқтар айтпақшы, несие шотын ашуды бастап кеттік. Бірінші бір жарым миллион теңге өтініш білдірдік, банк бермеді. Артынша соманы төмендете беріп, ақыры 800 000 теңгеге несие алдым. 

Қорықтым ба, абдырап қалдым. Несиені алып болғанша телефонның арғы жағындағылар біртүрлі түсініксіз терминдермен сөйлеп, дереу қимылдау керек деп жатты. Бірақ олардың тарапынан ешқандай міндетсіну мен дөрекі сөйлеу деген болмады. Тіпті барынша байыппен сөйлеп, мені сабырға шақыруға тырысып, қайта-қайта көмектесетіндерін айтып отырды. Өзімше ішімнен шүкір етіп, сол адамдарға алғыс айтумен болдым. Несиеге өтініш жіберген сайын, “Қазір телефоныңызға код келеді, ешкімге айтпаңыз” дегені де одан әрі сендіре түскендей. Құдды банк қызметкерінен басқа ешкім бұл тіркесті айта алмайтындай.

Бір сәтте кенет қоңырау үзіліп кетті, әйтпесе бір несиенің әлегімен бірнеше сағат үзіліссіз байланыста болдық. 

Бірнеше минуттан соң шотым бұғатталғаны туралы хабарлама келді. Бұған дейін сөйлескен банк қызметкерлеріне қоңырау бармай қалды. Банктың call center қызметіне қоңырау шалу тек сол кезде есіме түсті. Он минут күтіп, әрең оператормен байланысқа шыға алдым. Алаяқтан құтқаратынын айтып хабарласқандардың өзі алаяқ екен. Сол кездегі халімді сөзбен сипаттай айта алмаймын. 

Басымыздан қанша қиын-қыстау күн өтсе де, тіпті нанға тиын таппай қалған кездеріміз болса да, ата-анам несие дегенді ойға да алмауға тырысатын. Біздің үйде несие деген нұсқа қарастырылмайтын. Енді өз қолыммен аты-заты белгісіз адамға 800 000 теңгенің несиесін алып бергенімді естіп, ата-анам тіпті жерден алып, жерге салды. 

Тамағымнан ас өтпей қалды. Оқиға енді ата-анамнан бөлек шығып, енді өз бетімше табыс таба бастадым деген сәтте болғаны тіпті жаныма батты. Қазір қайта ауылға қайтып, тиын тапқанша сол кісілермен бірге тұруға мәжбүрмін.

Сауатсыздықтан ба, шоктан ба, бірден полицияға жүгіну де ойға келмепті. Ертесіне банк пен полиция пунктіне арыз жазуға барғанда, бөлімшедегілер де миығын күліп, “Қалай сеніп жүрсіз?” деумен болды. Ішінен “ақымақ” деп мазақ қылған да шығар. Тіпті қызметкерлердің бірі “Шынымен алаяқты таба алатыныңызға сеніп келіп отырсыз ба?” - деп те сұрады. 

Бөлімшеден үміт артудың орнына, үлкен күйзееліспен шықтым. Қайтадан аңғалдығым еске түсіп, қиналып кеттім. “Жұрт бетіне қалай қараймын? Достарым мен әріптестеріме алаяққа несие алып бердім деп қалай айтамын? Туыстарға ше?” деген ой маза бермеді. Ата-анам онсыз да “Масқара” деп әлек. 

Қазір құр өкініп, күйзелгеннен несие жойылмайтынын, ұялып, үйден шықпағанмен, елдің сөзі еш тиылмайтынын түсініп, қайта жұмысқа кірістім. Қолды бір сілтеп қоя салмасам да, бұл оқиғаның бір дәріс екенін қабылдауға тырысып жүрмін. “Ессіз сенгіштігім мен аузы ашық аңғалдығымнан бұдан үлкен бәлеге ұрынғанда қайтер едім?” деп ойлайтын болдым. 

Бірнеше күннен соң кейіпкеріміз несие бойынша алғашқы төлемін енгізуі керек. Әсел ақшасын дайындап қойған, алайда әлі де алаяқтың қалтасына кеткен қарызды өтегісі жоқ сияқты. 

Басқа амал жоқ қой. Бірақ полициядан хабарласса жақсы болар еді негізі…

Алаяққа алданып қалмаудың амалы қандай?

Алаяқтар әдетте өз ісін жақсы біледі, алайда дұрыс сұрақ қоя білсеңіз, олар да бірден байланысты үзуге тырысады. Қазір бәрі жылдам, көбіміздің уақытымыз тығыз, алаяқтар да осыны пайдаланып, уақыт тұрғысынан қысым жасайды. Алайда қаржылық мәселе бойынша бейтаныс нөмірден қоңырау келсе, қосымша сұрақ қоюға ерінбеңіз.

Психологтар үнемі нақтылау сұрақтарын қойып отырсаңыз, офлайн қатынас болса, алаяқ аяқ-қолын айқастырып алатынын, ал телефон байланысында бірден байланысты үзе салатынын айтады. Алайда, уақыт жоғалтпай, бірден байланысты үзіп, ресми нөмірге хабарласу сізді көп азаптан құтқарары анық.

Байланысты жаналықтар

«Намазхандар қиянат жасамайды деп ойладым»: Танымал әнші бақытсыз әйел болғанын айтты

24.04.2024

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

24.04.2024

Лжет ли гадалка Бишимбаева? Суд переходит к прениям

24.04.2024

Бишімбаевтың соты: жарыссөз 29 сәуірде басталады

24.04.2024

«Таза Қазақстан»: Жезқазған қаласында 100 тал ағаш отырғызылды

24.04.2024

Алматы облысында пара алған судья мен сот приставы сотталды

24.04.2024
MalimBlocks
«Намазхандар қиянат жасамайды деп ойладым»: Танымал әнші бақытсыз әйел болғанын айтты

Әнші тұрмысқа шариғат бойынша шыққан.

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

Лжет ли гадалка Бишимбаева? Суд переходит к прениям

В среду, 24 апреля, на судебном следствии по делу экс-министра Куандыка Бишимбаева, обвиняемого в убийстве своей гражданской жены Салтанат Нукеновой, случилась кульминация. И дело не только в том, что на процесс пригласили ставшую знаменитостью гадалку Бишимбаева из Шымкента, но и в ее показаниях, которые сам подсудимый отрицать не стал: когда Салтанат умирала, ясновидящая советовала ему вызвать скорую помощь.

Бишімбаевтың соты: жарыссөз 29 сәуірде басталады

Тараптарға сот жарыссөзіне дайындалуға уақыт беріледі.

«Таза Қазақстан»: Жезқазған қаласында 100 тал ағаш отырғызылды

Мақсат - қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, қаланы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру

Алматы облысында пара алған судья мен сот приставы сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.