Алдағы 6 жылда елімізде 10 шетелдік жоғары оқу орын ашылмақ

Министрдің айтуынша, президенттің тапсырмасын бұлжытпай орындап жатыр екен.
«2025 жылға дейін Қазақстанда шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу президенттің тапсырмасы болатын. Былтыр 4 филиал ашылды. Биыл 6 үздік ЖОО филиалын ашуды жоспарлап отырмыз. Біріншісі Heriot-Watt University, ол Жұбанов университетінің негізінде ашылмақ. Ал Сеул ұлттық ғылым және технологиялық университеті Қызылордадағы Қорқыт ата университеті негізінде ашылмақ. Оңтүстік Корея Парламентінің бөлек отырысында осы филиалды ашу үшін 1 млрд теңге ақша бөлінді. Сонымен қатар Ақтау қаласында неміс инженерлік институты ашылады. 20 маусым күні Германияның федералды президенті ресми сапармен келеді. Сол күні құжаттарға қол қойылып, оқу орнын ашамыз», – деді министр.

Самое читаемое
