Алматы дәрігерлері санитарды сотқа бермек

Malim Админ

  • 13.04.2020

Медицина ғылымының кандидаты, балалар невропатологы Қайырғали Конеевтің айтуынша, Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері Алматы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымованың үстінен сотқа шағым түсірмек. Бұған Айзат Молдағасымованың "коронавирус жұқтырған дәрігерлердің өзі сақтық шараларын дұрыс сақтамаған" деген мәлімдемесі түрткі болған.

Алматыда екі күннің ішінде 27 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған. Қаланың бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова коронавирус жұқтырған дәрігерлер анықталған  Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухана толық карантинге жабылғанын айтты. "Ол аурухана ауруларды қабылдап жатқан жоқ. Толық карантинде", - деді ол бүгін берген брифингіде.

Алматы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымованың айтуынша, қалада наурыз айынан бері коронавирус жұқтырған 37 дәрігердің жетеуі – балалар инфекциялық ауруханасының медициналық қызметкерлері.

Ал Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев бүгін өткен брифингте коронавирус жұқтырған дәрігерлердің 20-сы Орталық қалалық клиникалық аурухананың, қалған жетеуі балалар инфекциялық аурухананың медициналық қызметкерлері екенін айтты. 27 дәрігердің 21-і әйел, алтауы ер адам. Індет анықталған медициналық қызметкерлердің бірі - аяғы ауыр әйел.

Ал денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекованың айтуынша, елде коронавирус жұқтырған 211 медициналық қызметкер анықталды. Оның 37-сі Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада жұмыс істейді.

Айзат Молдағасымова брифингте қалалық орталық клиникалық ауруханадағы ошақ анықталғанын айтты. Айтуынша, наурыз айының соңында МРТ-ға келген науқас індетті дәрігер мен медбикеге жұқтырған.

Қаланың бас санитары ауру жұқтырған медициналық қызметкерлер қаладағы провизорлар мен аурухана қызметкерлерін тестілеу басталғандықтан анықталды дейді.

Осыдан бір күн бұрын ақпарат құралдарында берген сұхбатында Айзат Молдағасымова дәрігерлердің коронавирус жұқтыруын олардың салғырттығынан көрген еді. "Медициналық қызметкерлердің сақтық шараларын сақтамауы – себептердің бірі. Сақтықты қажет дәрежеде танытпаған. Бәлкім, бұл инфекциялық стационар емес деген шығар. Ал бәлкім, ауру жұқтырғандардың саны көп емес дегенге сенген шығар", - дейді А.Молдағасымова.

Оның айтуынша, дәрігерлерді маска және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету ең алдымен аурухана бас дәрігерінің міндеті. "Қызметкерлерді маска, қорғаныш киімдерімен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету - аурухана бас дәрігерінің міндеті. Тәулігіне 24 сағат жұмыс істесе, оны әр төрт сағат ауыстырып тұруы керек. Бір күн немесе он күнге емес, бір айға жететін қорғаныш құралдарының қоры болуға тиіс", - дейді А.Молдағасымова.

Қайырғали Конеев Қайырғали Конеев

Ал медицина ғылымының кандидаты Қайырғали Қонеев Айзат Молдағасымова осылайша өзінің кінәсін дәрігерлерге аударып отыр дейді. "Соңғы екі күнде коронавирус жұқтырғаны анықталған дәрігерлердің бәрі Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада жұмыс істейді.  Ауру жұқтырған дәрігерлерімен сол ауруханадағы бүкіл медицианалық қызметкері байланыста болған. Ал оларға қанша науқас келіп қаралғаны белгісіз, оларды ешкім іздеп анықтап жатқан да жоқ. Орталық клинкалық аурухана – қаладағы ғана емес, елдегі ең жақсы ауруханалардың бірі. Онда осындай бассыздық болып жатса, басқа жерлерді елестету тіпті қиын. Айзат Молдағасымова неліктен әлгіндей мәлімдеме жасады? Себебі бүгін карантин штабының отырысы өтпек. Сол отырыс алдында өзінің кінәсін басқа жаққа аудармақ", – дейді Қ.Конеев.

Қ.Конеевтің айтуынша, дәрігерлердің індет жұқтыруына қалалық санитарлық қызмет жауапты. "Эпидемия кезінде науқас қабылдайтын барлық аурухана коронавирус ошағы болып есептелуі керек. Ал бізде ол жасалмады. Коронавирус жұқтырған науқастарды емдемейтіндіктен, аурухана қырағы бақылауға алынбады. Бұл – санитарлық қызметтің олқылығы. Ал медициналық қызметкерлер қашанда да қорғаныс киімдерін киеді, сақтық шараларын жасайды, олардың қорғанбауы мүмкін емес. Дәрігерлердің ауру жұқтырғаны денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелерді ашып берді. Өткенде Жамбыл облысындағы аудандық инфекциялық аурухана қызметкерлері бір костюмді бірнеше рет кигені анықталды. Қорғаныс құралдары жетіспей жатқанын айтты. Бұл денсаулық сақтау жүйесіндегі олқылық", – дейді Қ.Конеев.

Қ.Конеевтің айтуынша, орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері COVID-19 дертін жұқтырғаны үшін дәрігерлердің өзін кінәлаған Айзат Молдағасымованың үстінен сотқа "жалған мәлімет таратты" деп шағым түсірмек. Қ.Конеевтің Facebook әлеуметтік желісінде А.Молдағасымованың үстінен сотқа шағымдану жөніндегі ұсынысын осы аурухананың дәрігерлері қолдап, пікір қалдырған. Бірақ олар журналистермен байланысқа шығудан бас тартты.

Материалды көшіріп басуға болмайды

Көрнекі сурет Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасынан алынды

Қайырғали Конеевтің суреті time.kz сайтынан алынды

Байланысты жаналықтар

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

22.09.2024

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

27.08.2024

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

23.08.2024

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

16.08.2024

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

15.08.2024

Джо Байден коронавирус жұқтырды

18.07.2024
MalimBlocks
Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

Роспотребнадзор XEC COVID-19 штаммының тез таралып жатқанын хабарлады

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

Ол Тәуелсіздік күніне арналған шараларға қатыспайды

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

7 күнде 4 КВИ жағдайы тіркелген

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қамтылған

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

Президенттің Париж Олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі кейінге қалдырылды.

Джо Байден коронавирус жұқтырды

АҚШ президенті осыған байланысты Лас-Вегаста өтетін конференцияға қатыса алмайды.