Алматы, Маңғыстау, Жетісу облыстарында казинолар ашылады

Жаңа казинолар мыңдаған жұмыс орындарын ашып, миллиардтаған салық түсіреді

Malim Админ

  • 31.01.2025

Маңғыстау, Алматы, Жетісу облыстарында тек қалталы шетелдіктер ғана кіре алатын казинолар ашылмақ. Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев осындай мәлімет берді.

Туризмді дамыту үшін Маңғыстау, Алматы, Жетісу облыстарында шетелдіктерге арналған ойын аймақтарын ашу жұмыстары пысықталып жатыр. Бұл казинолар ауқатты шетелдіктердің ағынын арттырады және туризм кластерінің басты орталығына айналады деп күтеміз. Дәл осындай Макао, Сингапур, Малайзия және Филиппин елдерінде туризмнің дамуына қосымша серпін беріп отыр. Мұндай тәсіл Қазақстанда да жеміс береді деп пайымдаймыз. Жаңа казинолар мыңдаған жұмыс орындарын ашып, миллиардтаған салық түсіреді, — деді Мирас Төлебаев.

Вице-министр бұл ойын аймақтарында тек казино ғана ашуға рұқсат етілетінін атап өтті.

Оған Қазақстан азаматтары қатыса алмайды. Тек шетелдіктер ғана ойнауға рұқсат беріледі, — деді ол.

Ойын бизнесі және лотореяны реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әділет Тұрғанбаевтың сөзінше, бұл жобаларға Қытай, Ресей, Еуроодақ инвесторлары тартылуы мүмкін. Инвесторларға казиноға қойылатын әр үстел мен ойын автоматтарына салынатын алым мөлшерін екі есе қысқартып, шетелдік туристерді ұтыстан алған жеке табыс салығынан босату көзделіп отыр.

Фото:  pinimg.com   

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты