Алматыдағы бөлімшеден қашып кеткен сарбаз Семейде ұсталды

27 маусымда әскери қызметкер Алматыдағы бөлімшеден қашып кеткен. Жергілікті полиция оны ұстап, әскерилерге тапсырды, деп хабарлайды Malim.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдары оның қызметтік міндеттерін тастап, неге белгісіз бағытқа кеткенін анықтап жатыр.
Жігіт 2025 жылдың сәуір айында Екібастұз қаласынан әскер қатарына шақырылған. Алматы қаласындағы 61993 әскери бөлімінде борышын өтеген.
23 маусымда он жауынгерден тұратын жұмыс тобымен бірге Орталық спорт клубына жіберілді. Ол кешкі сегіздер шамасында әскери бөлімге оралуы керек еді. Алайда ол белгіленген уақытта келмей, бақылау камералары сағат 17:21-де ЦСКА бекетінен жалғыз шыққанын көрсетті.
Іздеу дереу басталып, бір күннен кейін әскери қызметкер Семейде ұсталды.
Қазір әскери полиция тергеу жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша қашқынның әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Фото: Қорғаныс министрлігі


Ең көп оқылған
