“Әңгімелері мүлдем қызық емес“. Жанқош Тұраров тағы мәлімдеме жасады

"Қыз зорлады" деген айып тағылған Жанқош Тұраров тағы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
"Маған қатысты сұхбат беріп жатқан адамның лайлы әңгімелері мүлдем қызық емес. Менің өмірлік ұстанымдарым, мақсаттарым мүлде басқа. Ақиқат орын алатынына сенімдімін. Соған байланысты менің заңды адвокатым баспасөз конференциясын өткізетін болып шешті", - деді ол әлеуметтік желіде.
Еске салайық, бұған дейін Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат тараған болатын. Артында Алматы Полиция департаменті өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Фото: instagram.com/zhankoshturarov