457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Аптап ыстықтан республикалық тас жолда ақау пайда болды

Цементбетон жабыны бойынша орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"ҚазАвтоЖол" ҰК» АҚ ақау анықталған Тараз-Қайнар жолының жағдайы туралы жедел ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық компания Жамбыл облысындағы "Тараз-Қайнар" тас жолының (244 шақырым) бөлігіндегі цемент-бетон жабынындағы ақау қатты ыстықтан пайда болған деп түсіндірді.

Жамбыл облыстық "КАЖСервис" филиалының ДЭУ-34 бөлімшесінің мамандары шұғыл шара қолданып, екі сағаттың ішінде аталған ақауды жол қозғалысына кедергі келтірмей қалпына келтірді. Облыс аумағында +45С ыстық ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Филиал мамандары жолдың цементбетон жабынын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік орнатты, - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ биыл жоспарланған жұмыстар аясында мердігер компанияның және "КАЖСервис" мекемесінің Жамбыл облыстық филиалының күшімен цементбетон жабыны бойынша орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы шара барысында республикалық маңызы бар А-2 "Өзбекстан шекарасы – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас" автожолының 239-476 шақырымының Тараз-Қайнар учаскесінде жолдың отырған жерлері, ақаулары мен кеңейту буындары жөнделуде.

Фото: дереккөз