«Ақша қолға берілсін»: Құлсарылық әйел облыс әкімі орынбасарының микрофонын жұлып алды

Баспанасы бұзылғандар үйлерінің әрбір шаршы метрі 400 мың теңгеден есептелгенін талап етіп отыр.

Malim Админ

  • 16.05.2024

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев құлсарылық халық алдында сөйлеп тұрғанда бір әйел микрофонын жұлып алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода шенеуніктің бір топ адамның ортасында тұрғаны көрінеді. Үйлері суға кетіп, далада қалдық деп ашынған тұрғындар зардап шеккендерге берілетін өтемақыға көңілдері толмайтынын ашып айтады.

Әкім орынбасары "үйдің салынған жылы, қандай материалдар қолданылды..." дей бергенде халық "ондай кірмейді" деп шу ете қалады. 

Баспанасы бұзылғандар барлық дүние-мүлікті дұрыс бағалау керек екенін айтып, құрылыс заттарын Атыраудың бағасымен емес, Құлсарыдағы бағамен есептеу қажет деген пікірде. Сондай-ақ үйлердің әрбір шаршы метрі 400 мың теңгеден есептелгенін талап етіп отыр. Әрі ақша қолға берілсін не "есепшотымызға аударылсын" дейді. Ал әкімдік өкілдері 200-240 мың теңгеден есептеледі деп айтқан. Тұрғындар мұнымен келіспейді.

Азаттық-тың жазуынша, тұрғындар әкімдік алдында қонып шықты. Олар ғимарат ішінде де ұйықтаған. 

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

08.05.2025

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

06.05.2025

Қазақстан мен Вьетнам басшылары не туралы сөйлесті?

06.05.2025
MalimBlocks