Ақтауда тұрғындар жақында салынған спорт алаңының сапасына шағымданды

Ақтауда 11-шағынаудан тұрғындары №31 үйдің ауласында орналасқан спорт алаңы мен футбол алаңының сапасына наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Олардың айтуынша, бұл нысандар төрт ай бұрын ғана салынғанымен, жағдайы көңіл көншітпейді. Тұрғындар мердігер компанияның жұмысы сапасыз болғанын айтып отыр. Әсіресе құм үстіне төселген резеңке жабынды тез тозып қалған.
"Үнемдеген екі есе шығындалады деген осы! Бірден сапалы жасап берсе, жылдар бойы тыныш жүретін едік. Ал енді қайтадан бюджет ақшасы босқа кетіп жатыр. Төрт айлық кепілдік деген не масқара?!" – дейді тұрғындар.
Дәл осындай жағдай сол кезеңде салынған футбол алаңында да байқалып отыр.
Бұл жағдайға байланысты Lada.kz тілшісі Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне хабарласқан. Бөлім мамандарының айтуынша, бұрын жабынды орнатқан мердігер мекеме қайта шақыртылыпты.
"Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бордюр тастары алынып, жаңа бетон құйылып жатыр", – деді бөлімдегілер.
Тілші барған кезде алаңда расында да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны байқалған. Қазір спорт алаңына уақытша кіруге тыйым салынған.
Фото: Lada.kz