Аттестациядан өту, математиканы бөліп оқыту. Білім саласындағы өзгерістер

Бүгін үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласында болатын бірқатар өзгерістер туралы айтты.

Ақниет Аманжолқызы

  • 01.02.2022

«Болашақ педагогтерді дайындау сапасын арттыру үшін, салалық біліктілік шеңберін және «Педагог» кәсіби стандартын бүгінгі заман талаптарына сай өзгертеміз. Пән мұғалімдерінің тапшылығы проблемаларын шешу үшін қайта даярлау тетігін қолданамыз. Мысалы, мамандығы мұғалім емес, бірақ кәсіби білімі мен тәжірибесі жеткілікті мамандар мұғалімдікке қайта даярлау арқылы тартылатын болады», - деді министр.

Бұдан бөлек, мұғалімдердің біліктілігін тексеру бұрынғыдай 5 жылда бір рет емес, 3 жылда бір рет өткізілетін болады. Педагогтерді жұмысқа қабылдау, аттестаттау процестерін автоматтандыру жоспарлануда, EduKyzmet бірыңғай ақпараттық жүйесінде мұғалімнің жеке кабинеті, портфолиосы ашық түрде жиналады. Министрдің сөзінше, бұл саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін өте маңызды.

Министр президенттің «қазақтар технарь» болу керек деген сөзінен кейін осы бағыттада жұмыстар жасалып жатқанын айтты. Оқу бағдарламаларын, әдістемелік құралдарды, оқулықтарды жаңартып, математиканы топтарға бөліп оқытуды жүзеге асыру жоспарда екен.

Аймағамбетов балабақшаларды бақылау күшейтілінін айтты. Және балабақша да тәрбие беру әдістемелерін өзгерту керектігін ескертті.

«Яғни материалдық-техникалық база, бейнебақылау жүйесі, педагогтердің біліктілігі, санитариялық, өртке қарсы нормаларға сәйкестігі, осының бәрі мемлекеттік тапсырысты берудің басты талаптары болады. Соның ішінде жекеменшік балабақшалардан да балаларға қолайлы жағдай жасау талап етіледі. Үшіншіден, балабақшалардағы орындарды бөлу кезіндегі ашықтықты қамтамасыз ету үшін, облыстардағы электронды кезектердің бәрі енді республика бойынша бірыңғай базаға еніп, біріктірілетін болады», - деді министр.

Министрдің сөзінше, балабақшаға бару үшін қазіргі облыстық кезектерді жойып, республикалық кезек базасы жасалады.

Премьер-министр Әлихан Смайлов білім министріне бірнеше тапсырма бере кетті.

Бірінші, «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасын тез арада қайта қарау. Екінші, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен бірлесіп Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспарының жобасына балаларды балабақшаға кезекке қоюдың бірыңғай цифрлық базасын құру, тәрбие жұмысы тұжырымдамасын қабылдау, қосымша білім берудің бірыңғай ұлттық порталын құру жөніндегі іс-шараларды енгізу қажет. Үшінші, кәсіпорындардың колледждерді қамқорлыққа алуын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жобасын 10 ақпанға дейін Үкімет қарауына енгізу. Төртінші, Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі жол картасын 7 ақпанға дейін енгізу керек. Бесінші, Салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, техникалық бағыттағы ғылыми кадрларды даярлауға басымдық беру қажет. Білім саласындағы бұл тапсырмалардың орындалуын бақылау премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырылды.

Байланысты жаналықтар

Соңғы 11 айда Қазақстанда құрылыс жұмыстарындағы ақша айналымы 6,9 трлн теңгеге жетті

10.12.2024

Олжас Бектенов: Жылу беру маусымын қалыпты деңгейде өткізу қажет

08.10.2024

АЭС-ті қай мемлекет салуы мүмкін

27.08.2024

Олжас Бектенов: Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанады

13.08.2024

Елімізде ішімдік ішіп, көлік жүргізетіндер саны 15%-ға өскен

30.07.2024

«Қоқысты таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналды»: Премьер-Министр қайта өңдеу саласын сынға алды

12.03.2024
MalimBlocks
Соңғы 11 айда Қазақстанда құрылыс жұмыстарындағы ақша айналымы 6,9 трлн теңгеге жетті

Олжас Бектенов: Жылу беру маусымын қалыпты деңгейде өткізу қажет

Үкіметте жылу беру маусымының басталуына байланысты мәселелер қаралды.

АЭС-ті қай мемлекет салуы мүмкін

Сейсенбі күні Үкімет отырысына келген «Қазақстанның атом электр стансасы» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин Қазақстанда АЭС-ті кімдер салуы мүмкін екенін айтты.

Олжас Бектенов: Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанады

Үкімет отырысында Премьер-Министр осылай деді.

Елімізде ішімдік ішіп, көлік жүргізетіндер саны 15%-ға өскен

Мас күйінде қайта көлік тізгіндеу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны 20% көбейді.

«Қоқысты таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналды»: Премьер-Министр қайта өңдеу саласын сынға алды