Соңғы 11 айда Қазақстанда құрылыс жұмыстарындағы ақша айналымы 6,9 трлн теңгеге жетті

Malim Админ

  • 10.12.2024

Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев құрылыс саласындағы негізгі жетістіктер туралы баяндады. Бүгінгі таңда оның үлесі еліміздің жалпы ЖІӨ-нің 5,6%-ын құрайды. Салада 667 мыңнан астам адам жұмыс істейді, 53 мыңға жуық кәсіпорын қызмет етеді, оның 2 903-і құрылыс материалдарын өндіреді.

Министрдің айтуынша, биылғы 11 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 6,9 трлн теңгеге жеткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3%-ға артық. 2024 жылдың соңына дейін рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қараша айының қорытындысы бойынша 16,3 млн шаршы метр тапсырылды, жыл соңына дейін тағы 1,7 млн шаршы метр пайдалануға беру жүргізілуде.

«Салаға қаражатты инвестициялаудың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін Министрлік тұрғын үй құрылысын ынталандыру бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдады. Осы жылы барлық көздер есебінен аталған мақсаттарға шамамен 965 млрд теңге жоспарланған, бұл 160 мыңнан астам азаматтың 41 мың жаңа пәтерге қоныстануын қамтамасыз етеді. Мұқтаж азаматтарға қолжетімді құралдарды ұсынуға ерекше көңіл бөлінеді», — деді Қанат Шарлапаев.

Биыл мемлекеттік қолдау есебінен 22 мыңнан астам жалға берілетін пәтер сатып алуға 330 млрд теңге қарастырылып, әкімдіктерге 305 млрд теңге аударылды. Жыл соңына дейін мемлекеттік бағалы қағаздар шығару есебінен 165 млрд теңге сомасында 10 мыңнан астам пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. 2% және 5% бойынша жеңілдетілген ипотекалық қарыздар есебінен бүгінгі күні 94,5 млрд теңге сомасына 7 861 қарыз берілді. Тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік желілерді тартуға 83 млрд теңге бөлінді. 

Осы жылдың мамыр айынан бастап «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. 2024 жылға 300 млрд теңге сомасына 12 мың қарыз беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 172 млрд теңгеге 6 мыңнан аса қарыз берілді.

Фото: stat.gov.kz

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да су электр станциялары каскады салынбақ

09.01.2025

Шымкентте жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 75%-ға жетті

29.12.2024

Шымкенттің дамуы күн тәртібіндегі мәселе

22.12.2024

Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты

12.12.2024

Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі

12.12.2024

12 желтоқсанға арналған валюта бағамы

12.12.2024
MalimBlocks
ШҚО-да су электр станциялары каскады салынбақ

Су ресурстары министрлігі стратегиялық құрылыстар тізбесін көбейтпек

Шымкентте жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 75%-ға жетті

Биыл қалада 365,8 шақырым жолға құрылыс -жөндеу жұмыстары жүргізілген

Шымкенттің дамуы күн тәртібіндегі мәселе

Биыл қала экономикасының өсімі 12%-ға жеткен

Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты

Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі

12 желтоқсанға арналған валюта бағамы

Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттері валюталар: доллар, еуро және рубльді сатып алу-сатудың орташа бағамы қандай?