Бектенов Үкімет отырысында экология министріне ескерту жасады

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа елдегі қоқыс полигондарының жағдайына байланысты ескерту жасады

Сұлу Бөлек

  • 26.03.2025

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа елдегі қоқыс полигондарының жағдайына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Үкімет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын экологиялық талаптарға сәйкестендіру жөніндегі жұмысына көңілі толмайтынын айтты. 

Полигондардың қазіргі жағдайы қандай?

Отырыс барысында Бектенов елдегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының қазіргі жағдайына қатысты сұрақ қойды.

"Полигондар бойынша жағдай қандай? Мендегі мәліметке сәйкес, олардың небәрі 20 пайызы ғана белгіленген талаптарға сай келеді," – деді премьер-министр.

Министр Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, былтыр Үкімет 100 жаңа полигон салуды көздейтін арнайы іс-шаралар жоспарын бекіткен. Алайда қазір тек 7 полигон ғана салынып, пайдалануға берілген.

"23 полигон бойынша құжаттама дайындалды, 18 полигонға қатысты құжат әзірленіп жатыр. Ал қалған 52 полигон бойынша әкімдіктер мен өңірлер тарапынан ешқандай жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Олар бұл іске кірісуі керек. Талапқа сай келмейтін полигондардың негізгі бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан," – деді министр.

Нысанбаевтың айтуынша, полигондардың Экологиялық кодекс талаптарына сәйкес келмеуінің басты себебі – ауылдық және қалалық елді мекендерге қойылатын стандарттардың бірдей болуы, алайда ауылдық жерлерде бұл талаптарды орындау үшін айтарлықтай қаржы қажет.

"Сондықтан қазір Экологиялық кодекс талаптарын жеңілдету мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұдан бөлек, сіздің тапсырмаңыз бойынша полигондарды қаржыландыруды утилизациялық алым есебінен қарастыру мәселесі көтерілді," – деп қосты министр.

Премьер-министрдің сыны

Қабылданған шараларға қарамастан, премьер-министр бұл бағыттағы жұмыстың тым баяу жүріп жатқанын атап өтті.

"Мақтанарлық нәтиже жоқ. Әкімдіктердің жұмысын дұрыс үйлестіру керек, ал бұл бағытта министрліктің белсенділігі қажет. Бірақ біз әзірге оны көріп отырған жоқпыз," – деді Бектенов.

Еске салайық, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысының әкіміне жолдардың сапасына байланысты ескерту жасаған болатын.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Алматылықтарға ескерту жасалды

10.04.2025

"Өмір бойына бас бостандығынан айырылу". ІІМ шетелде әскери қақтығыстарға қатысқысы келетіндерге ескерту жасады

08.04.2025

Енді таксистер туристерді алдай алмайды

08.04.2025

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды

08.04.2025

Олжас Бектенов геология саласының мамандарына мемлекеттік наградалар табыстады

05.04.2025
MalimBlocks
Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Алматылықтарға ескерту жасалды

Қазгидромет Алматы мен еліміздің әр өңіріндегі басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады,

"Өмір бойына бас бостандығынан айырылу". ІІМ шетелде әскери қақтығыстарға қатысқысы келетіндерге ескерту жасады

ІІМ Қазақстан азаматтарын шетелде әскери қақтығыстарға қатысу үшін ақша алуға қатысу жауапкершілігі туралы ескертті

Енді таксистер туристерді алдай алмайды

Ербол Мырзабосынов жаңа жоба қолға алынғанын алға тартты.

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды

Олжас Бектенов геология саласының мамандарына мемлекеттік наградалар табыстады

Биылдан бастап геологиялық жұмыстарды қаржыландыру көлемі артады