Атырау облысында бөгет салу кезінде адам сүйектері табылды

Алдағы уақытта табылған сүйектер қайта жерленеді.

Malim Админ

  • 09.04.2024

Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде адам сүйектері табылды, деп хабарлайды Atpress.kz.

Махамбет ауданындағы Жайық өзенінің жағасына бөгет тұрғызу үшін топырақ қазу кезінде адамның бас сүйегінің 12 фрагменті және дене сүйектерінің 26 фрагменті табылған. 

Оқиға орнына келген құзыретті органдардың қызметкерлері бұл фактіні ақпаратты есепке алу кітабына тіркеп, тергеуге дейінгі әрекеттерді бастап кетті. Алдағы уақытта табылған сүйектер қайта жерленеді.

Ескі Сарайшық үшін археологиялық қазба кезінде адам сүйегінің табылуы жаңалық емес. Өйткені, ортағасырлық Сарайшықта үлкен қорым бар екені баршамызға белгілі. Археологиялық зерттеу барысында да, тіпті ескі Сарайшық ауылы ішінде түрлі жұмыстар барысында да адам сүйектері жиі кездесіп жатады. Ал, бүгінгідей, елде су тасқынынан қорғау мақсатында жасалып жатқан үлкен жұмыстар кезінде адам сүйектерінің шығуы заңдылық. Әдетте, мұндай хабар жеткен бойда мамандар өз жұмыстарын атқарып, оларды зерделеп, жер қойнына салт –дәстүріміз бойнша тапсырады, - деді «Сарайшық» музей-қорығының директоры Мұхтар Әбілсейіт.

Фото: Өркен ЖОЯМЕРГЕН

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

06.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр

26.04.2025
MalimBlocks