Атырау облысында найзағай түсіп, шетел азаматы қаза тапты (видео)

Салынып жатқан үйдің ас бөлмесінде адам болғаны анықталды

Арман Қайыпхан

  • 27.06.2024

Атырау облысы Миялы ауылында салынып жатқан үйге найзағай түсті. Ғимаратта өрт болып, 35 жастағы өзбекстандық қаза тапты, – деп хабарлайды Malim.kz "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

Басылымның хабарына сенсек, кешкі сағат 7 шамасында Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы Үсенов көшесіндегі үйге найзағай түсіп, өрт шыққан. Бір техникасы ғана бар жергілікті өрт сөндіру бөлімінің үш қызметкері қызыл жалынды ауыздықтады.

Салынып жатқан үйдің ас бөлмесінде адам болғаны анықталды. Ол 1989 жылы туған Өзбекстан азаматы болып шықты. Тергеу барысында шетелдіктің осы жылдың 28 мамырында "Бейнеу" шекара бекеті арқылы Қазақстанға келгені және Миялы ауылының тұрғынының үйінде уақытша тіркелгені анықталды.

Тексеру кезінде мәйіттен дене жарақаты анықталған жоқ. Мәйіт сот-медициналық сараптама үшін аудандық аурухананың мәйітханасына жеткізілген. 

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

02.04.2025

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

29.03.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты

27.03.2025

Қазақстан шоколадын жарнамалаған ресейлік актер соққыға жығылды

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025
MalimBlocks
Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты

Қазақстан шоколадын жарнамалаған ресейлік актер соққыға жығылды

Куликов Ресейден жаппай мобилизация жарияланған соң кетіп, Алматыға көшкен

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты