Атырауда 15 жасар қыз зорланды: аяғы ауыр жасөспірім жанайқайын жеткізді

Қазір 15 жасар қыз баланың аяғы ауыр, құрсағында төрт айлық сәбиі бар.

Сабина Асқарқызы

  • 27.09.2024

Атырауда оқушы қыз өзін зорлаған жігітке мәжбүрлі түрде тұрмысқа шыққан, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желіде оның жанайқайы жазылған хабарлама таратылды. Оның сөзінше, өзін зорлаған жігіттің үстінен арыз жазған. Дегенмен оның туыстары келіп, арызды қайтарып алуын сұрап, ал қызды келін қылып алатынын айтқан. Жәбірленген қыз баланың ата-анасы келісімін беріп, ұзатып шығарып салғанымен, көп ұзамай-ақ жасөспірім барған жерінде талай құқайды бастан кешірген.

Анам қазақылыққа салынып, екі жақ келісіп, мені 15 мамыр күні сол жігітке ұзатты, аяғым ауыр болғандықтан, дәрігерге тіркелуге барғанда, «18 жас жоқ» деп полиция шақырылтылды. Жігіттің үстінен іс қозғаймыз деген, сол кезде енем тергеушілердің артынан жүгіріп, ақша беріп, жалған УЗИ қағазын жасатып, баласын жазадан алып қалды.

Енді мені үйінде ұрып, әбден боқтап, «керек емессің» деп үйіме әкеліп тастады, менің аяғым ауыр, төрт ай. Анам осы жайтты естіп ауруханаға түсті. Олардың туыстары органда жұмыс істейді, сондықтан жігіт жазадан құтылып кете ме деп қорқамын, - деген 15 жасар қыз.

Атырау Полиция департаменті бұл арыздың назарға алынып, қылмыстық іс қозғалғанын алға тартты. 

Фото: pharmnewskz.com

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды