Атырауда ер адам көлігін сырып кеткен зейнеткерді ұрып өлтірді (ВИДЕО)

Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.

Арман Қайыпхан

  • 11.06.2024

Атырау облысының полициясы базарындағы адам өліміне қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысындағы базарлардың бірінде «Газель» көлігін мінген Амандық Сағынғалиев есімді зейнеткер Мұхтар Ахмедов деген азаматтың «Мерседес» көлігінің есігін сырып кеткен. Сол жерде жанжал басталып, «Мерседес» иесі «Газель» жүргізушісін бірнеше рет соққының астына алған. 

Әлеуметтік желіде тараған видео мен ақпаратқа сенсек, «Мерседес» иесі әлі жасы 40-қа толмаған азамат, ал «Газель» иесі (марқұм) жасы 60-ке таяп қалған егде кісі. 

Видеодан «Газель» жүргізушісі қанша соққы алса да, жауап қайтармағанын байқауға болады.

Айта кетейік, жас азаматтың ауыр соққыларынын кейін зейнеттегі кісі есін жия алмай, қайтыс болған. 

Оқиғадан кейін екі адамның фотосуреті де жарияланды. Желідегі жазбаға сенсек, қайтыс болған адам Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау ауданының тұрғыны (Атырау облысы) Амандық Сағынғазиев. 

Бұл оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады. 

Полицияның мәлімдеуінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды. Жәбірленуші алған дене жарақаттарынан ауруханада қаза тапқан. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - дейді полициядағылар.

Фото: smartik.ru

 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды