Атышулы «Айка тізімі»: Іспен Антикор айналысып жатыр

Әлеуметтік желіде жарияланған атышулы «Айка тізімі» бойынша іс «Антикорға» берілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 02.04.2024

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 423-бабы «Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оның пайда болу мән-жайлары, сенімділігі және таралуы, жүргізіліп жатқан тергеу аясында әлеуметтік желілердегі жеке деректерге қатысты ақпарат анықталуда, - делінген ІІМ хабарламасында.

Бұған байланысты Ішкі істер министрлігінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы соңғы процессуалдық шешім қабылданғанға дейін қызметтік тергеуді уақытша тоқтатты.

Еске салайық, желтоқсан айында Қазақстанда қатты жанжал шыққан болатын. Элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы Айкаға қатысты деректер интернетке тарап кетті, бұл құжат кейін «Айка тізімі» деп аталды. Онда тізімдегі қыздардың клиенттерінің жеке деректері көрсетілген. Бұл ретте атышулы тізімде қазақтың белгілі тұлғаларының да есімдері кездеседі. Тізім қыздардың ауқатты адамдарға эскорт қызметін ұйымдастырғаны үшін ұсталған күдіктінің телефон кітапшасынан алынғаны хабарланды.

 

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

19.05.2025

Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

19.05.2025

"Жарқын жүзді адам еді": Мысырда қаза тапқан әйел туралы айтылды

19.05.2025

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

19.05.2025

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025
MalimBlocks
Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

"Жарқын жүзді адам еді": Мысырда қаза тапқан әйел туралы айтылды

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

«10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орны ашылды

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты