Автобус апаты: Екі аяғынан айрылған қызға автопарк өмір бойы жәрдемдеседі

Астанадағы автобус апатынан зардап шегіп, екі аяғынан айырылған Алуаның отбасына автопарк өмір бойы көмектеседі. Бұл туралы автопарк басқарма төрағасы Мадияр Тұқпатов зардап шеккен қыздың туыстарымен кездесуінде айтты.
“№1 автопарк басшылығы өмір бойы көмектесуге уәде берді. Бұл уәдені заң жүзінде рәсімдейміз деп отыр”, – дейді Алуаның туыстары.
5 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Махаббатқа жан-жақты материалдық қолдау көрсетіледі және барлық қажетті шығындары өтелмек.
Еске сала кетейік, осыған дейін қыздың отбасына:
Сақтандыру компаниясы — 19,6 млн теңге өтемақы;
Автопарк басшылығы — 10 млн теңге көмек;
Қала әкімдігінен — 4-бөлмелі пәтер берілді.
Фотоколлаж: qaz365.kz

Ең көп оқылған
