457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Байбекке қатысты қылмыстық іс қозғалды ма? ҚМА жауабы

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов бұрынғы Алматы әкімі Бауыржан Байбекке қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істер туралы айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында Елемесовтен "Қоспаевтың бандасы Байбектің әкесіне тиесілі жылжымайтын мүлікті төмен бағамен сатып жіберген" деген ақпаратқа қатысты пікір білдіруі сұралды.

"АФМ тарапынан Байбектердің отбасына қатысты қандай да бір тергеу жүргізіліп жатыр ма?" – деген сұрақ қойылды.

"Байбекке қатысты бізде тіркелген ешқандай қылмыстық іс жоқ. Әкесіне де, өзіне де қатысты. Ал Коспаевқа келсек – сот үкімі шыққан. Тәркіленген мүлік тізімі бар. Сондай-ақ кейбір тұлғаларға қатысты әлі де құқықтық баға берілуі мүмкін бөлек қылмыстық іс жүргізіліп жатыр", – деп жауап берді Жеңіс Елемесов.

Фото: arasha.kz